Ерекше

Болашақ ветеринарлардың стипендиясы өсуі мүмкін

Елде ветеринарларды 11 жоғары оқу орны даярлап жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Елде ветеринарларды 11 жоғары оқу орны даярлап жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды сілтеме

Бүгінде «Ветеринария» бағыты бойынша кадрлар даярлауды 11 жоғары оқу орны жүзеге асырады, оның ішінде үшеуі Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде. Олар 2025 жылға бөлінген 1001 (77,5%) грант алды. Бұл ретте, өту балы жалпы конкурс бойынша – 62 балды, ауылдық квота бойынша 56 балды құрады, – деді А. Бердалин Сенатта ветеринариялық қызмет тақырыбын талқылауға арналған Үкімет сағатында.

Ауыл шаруашылығы мен Ғылым және жоғары білім министрліктері мынадай міндеттерді шешу бойынша жұмыс тобын құрды:

  • «Ветеринария» бағыты бойынша студенттерге стипендияны педагогикалық бағыттағы студенттер деңгейіне дейін ұлғайту және ветеринария мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу балдарының шегін біртіндеп көбейту;
  • ауылдық квотаны 30%-дан 70% (-) ға дейін арттыру;
  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жіберетін нысаналы гранттардың үлесін ұлғайту;
  • мемлекеттік тапсырысты орналастыруды тиісті материалдық базасы, заманауи жабдықтары және ғылыми-педагогикалық кадрлары бар жоғары оқу орындарында ғана жүзеге асыру;
  • бір жыл оқу мерзімімен 3 жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде бейінді магистратура арқылы ветеринариялық кадрларды қайта даярлауды ескеру.

Мұның бәрі қазіргі заманауи ветеринариялық зертханалық жабдықтарда жұмыс істеуге, ветеринариялық қауіпсіздік процестерін талдауға және өз бейіні бойынша мамандануға қабілетті білікті кадрларды даярлау қажеттілігінен туындады, сондай-ақ бәсекеге қабілетті жастарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Республикалық бюджет комиссиясы ветеринария мамандарының жалақысын көтеру үшін 22 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қолдады, – деді вице-министр.

Back to top button