Жаңалықтар

ҰҚК Нұрлан Сабыровты тексереді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровтың әрекетін тексереді, деп хабарлайды Tizgin.kz KursivMedia-ға сілтеме жасап.

КОМИТЕТ НЕ ДЕЙДІ

Комитет мәліметінде ақпарат назарға алынып, тексеру шаралары жүргізіліп жатқандығы жазылған.

Алайда ҰҚК Сабыровтың қай әрекетін тексеріп жатқанын нақтыламады.

Бұған дейін Ресей билігі әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Ресей аумағына 50 жылға дейін кіруіне тыйым салды.

ЗАҢГЕРЛЕР НАЗАРЫН АУДАРДЫ

Содан кейін әзілкештің Ресей әскеріне материалдық көмек көрсеткені туралы ақпарат тарады. Ресей басылымдары дерегінше, ол «Барлығы жеңіс үшін» қорына қаржылай көмек берген. Кейін әлеуметтік желілерде өнерпаздың «Вагнердің Истра легионы» атты бөлімшеге 10 мотоцикл сыйлаған видеосы тарады.

Бұған Украина заңгерлері де назар аударған. Заңгер Евгений Прониннің хабарлауынша, Украинада Сабыровқа қылмыстық іс қозғалды.

Back to top button