TOP-2Тергеу

ҰҚК Жақсылық Омар жайлы тараған ақпаратқа жауап берді

Nur.kz басылымының жазуынша, ресми сауалға берген жауабында ҰҚК сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Бұдан өзге ақпаратты заң талаптарына сілтеп бермеген. Бұлтартпау шарасы туралы және қай баппен іс қозғалғаны сұрақты да жауапсыз қалдырған.

Өткен аптада телеграм-арналарда ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Облыс әкімдігі осыдан кейін мынадай ақпарат таратты:

«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Қолда бар мәліметке сәйкес, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алған», – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жақсылық Омардың телефон нөмірі өшіп жатыр. Желідегі парақшасына жазылған сауалға жауап келген жоқ.

Back to top button