ГеосаясатЖаңалықтар

Украина Финляндиядан кешірім сұрады

Финляндия қорғаныс министрі жексенбі күні ел әуе кеңістігін бірнеше дрон бұзғанын мәлімдеді. Бірі Коувола қаласының солтүстігіне, екіншісі шығысына құлаған. Әуе күштері F/A-18 Hornet жойғыштарын көтерген, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Украина СІМ өкілі Георгий Тихийдің айтуынша, дрондар Финляндияға әдейі бағытталмаған.

«Ең ықтимал себеп – ресейлік радиоэлектрондық күрес жүйелерінің әсерінен бағытынан ауытқу. Біз бұл оқиға үшін Финляндиядан кешірім сұрадық», – деді ол.

Сондай-ақ Киев бұл жағдайдың негізгі себебі Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы екенін атап өтті.

Бұған дейін Эстония, Латвия және Литва да өз аумағына украин дрондары кіріп кеткенін хабарлаған. Соңғы уақытта Украина Ленинград облысындағы мұнай экспорттайтын порттарға жиі соққы жасап жүр.

Back to top button