ЕрекшеОқиға

Үш баланың анасы ваннада қуатталып тұрған телефонды суға түсіріп алып, көз жұмды

Ирландияда әйел ваннаға түсіп жатып, қуатталып тұрған ұялы телефонын суға түсіріп алып, тоқ соғып көз жұмды. Бұл ақпаратты шетел БАҚ-тағы жарыса жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дублин қаласында үш баланың анасы Энн-Мари О’Горман ваннада отырған кезде қолындағы қуатталып тұрған iPhone-нан тоқ соғып, көз жұмған.

47 жастағы әйелді Сантори ауданындағы үйінің жуынатын бөлмесінен күйеуі Джо ес-түссіз күйде тауып алды. Патологоанатом Хайди Оккерстің айтуынша, марқұмның кеудесінде және сол қолында күйік іздері болған. Сол күні ол Бомонт ауруханасында қайтыс болғаны тіркелді.

Күйеуі Дублиннің коронерлік сотында болған тыңдауда, әйелін судан шығарамын деп өзіне де тоқ соққанын айтты. Оның сөзінше, заманауи смартфондардың жарнамасы тұтынушыларды шатастырып, құрылғыларға қатысты «қауіпсіздік елесін» қалыптастырады:

«Бұл телефонды суға жақын ұстай беруге болады деген әсер қалдырады. Бірақ ешбір өндіруші мұндай жағдайда қуаттау — өмірге қауіпті екенін ескертпейді», — деді ол.

Джо сондай-ақ өзінің iPhone құрылғысында судан ток соғу қаупі жөнінде ешқандай ескерту болмағанын атап өтті.

Back to top button