ЕрекшеТергеу

ТЖД Жангелдин ауылында жоғалған екі адамды іздеу жұмысын уақытша тоқтатты

Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді іздестіру бойынша іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ақжайық басылымының жазуынша, ТЖД мәліметінше, құтқару бөлімшелері Атырау облысы полиция департаментінің ресми сұранысы бойынша іздеуге жұмылдырылып, елді мекен аумағын тексеруге көмек көрсеткен.

“Полиция белгілеген барлық аумақ толық тексерілді. Қазір полиция департаментінен іздеу шараларын жалғастыруға қатысты жаңа бағдарлау немесе қосымша сұраныс түскен жоқ”, — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Еске салайық, бір отбасы мүшелерін іздеу 25 желтоқсанда, туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталған. Тергеу барысында сарайдан үй иесі мен оның жұбайының мәйіті табылды. Алайда олардың балалары — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сондай-ақ қаза тапқандардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің қайда екені белгісіз күйінде қалып отыр. Ол аталған іс бойынша адам өлтіру ісінде күдікті ретінде белгілі. Бұдан бөлек, оның жұбайы Ақбаянның да (қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы) орналасқан жері әзірге анықталмады.

Back to top button