Ерекше

Тықыр таянған сәтте Болат Назарбаевтың ұлы “банкротпын” деп жариялады

Бұған дейін оның 57 миллиард теңге көлеміндегі активтерінен айырылғаны айтылып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz BESmedia-ға сілтеме жасап.

КРЕДИТОРЛАР ТАЛАП ҚОЮҒА ҚҰҚЫЛЫ

Shishkin Like Telegram арнасы марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп жариялағанын жазды.

«Бірінші президенттің жиеніне қатысты банкроттық іс қозғалғаны туралы хабарлама тізілімде пайда болды. 15 қазанға дейін оның кредиторларына өз талаптарын ұсынуға уақыт беріліп отыр», – делінген жазбада.

ЕЛДЕН ШЫҒУҒА БОЛМАЙДЫ

Аdata.kz мәліметінше, Нұрбол Назарбаев 15 қыркүйектен бастап атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлер тізімінде тұр. Оның жалпы берешегі 57,9 миллиард теңге.

Сонымен қатар, Нұрбол Назарбаевтың шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынған. Компаниялардағы үлестеріне де шектеу қойылып, елден шығуға уақытша тыйым салынған.

Back to top button