Тян Жиннің «Мейжян» конференц-орталығында ШЫҰ саммиті басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ШЫҰ саммиті – 20-дан аса мемлекеттің басшылары жиналған, 2025 жылғы 31 тамыз – 1 қыркүйекте өтетін іс-шара. Бұл игі мақсаттар бойынша ұйымдастырылған маңызды дипломатиялық шара. Саммиттің басты тақырыптарының ішінде – көпжақты ынтымақтастықты нығайту, экономика мен инвестиция, қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, Қытай мен Үндістан арасындағы қатынасты реттеу және Қытайдың көпжақты тепе-теңдікті қалыптастырудағы рөлін көрсету міндеттері тұр.

Саммитке ШЫҰ-ның 10 толық мүшесі келді. Олар: Қытай (төраға), Ресей, Үндістан, Пәкістан, Иран, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан. Сондай-ақ, бақылаушы және диалог серіктесі ретінде шамамен 16-дан астам елдің басшылары немесе өкілдері қатысты: Түркия, Египет, Мальдив, Камбоджа, Малайзия, Вьетнам, Индонезия және тағы басқа елдердің басшылары бар.
ШЫҰ бастапқыда 2001 жылы Орталық Азиядағы қауіпсіздікке бағытталған ұйым ретінде құрылған, бірақ уақыт өте келе экономикалық, мәдени, әскери және дипломатиялық салаларда кеңейе түскен.