Ерекше

Түркістанда ветеринарлар малға деп бөлінген субсидияны жымқырған

Түркістан облысында аудандық ветеринария қызметінің төрт маманы бұл әрекетті ауыл тұрғынымен бірлесіп, жүзеге асырған. Ақпараттық жүйеде шамамен 100 мың бас қолдан «тіркелген» мал рәсімдеп, 271 млн теңге көлеміндегі субсидияны өзара бөлісіп алған, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

СУДСИДИЯ ҮШІН СЫБАЙЛАСҚАН

Ресми ақпаратпен Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері бөлісті.

«Түркістан облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу басқармасының арнайы прокурорлары субсидияларды заңсыз жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Тергеу барысында аудандық ветеринария қызметінің төрт қызметкері ауыл тұрғынымен сыбайласып, ақпараттық жүйеде шаруа қожалықтары атынан іс жүзінде жоқ шамамен 100 мың бас ұсақ малды тіркеп, 271 млн теңге субсидияны иемденгені анықталды», – делінген хабарламада.

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАТЫЛҒАН МИЛЛИОНДАР

Түркістан қалалық соты қолдан мал тіркеу арқылы субсидия ұрлығына қатысы бар бес адамды кінәлі деп таныды. Төртеуі 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, бір адамға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осыдан кейін іс оған қатысты кешірім жасалуына байланысты тоқтатылды.

Мемлекет пайдасына 50 млн теңге өндірілді, сондай-ақ 120 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.

Back to top button