Түркістан облысында болған өрттен 12 адам көз жұмды
Қайғылы жағдай таңертең тіркелді. Көршілердің сөзінше, мұның алдында үйде бас-қосу болған, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.
НЕ БОЛДЫ
18 қараша күні таңсәріде Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден өрт шықты. От үйді түгел шарпыған. Құтқарушылар нысанға кіргенде 12 адамның мәйітін тапты, арасында балалар да бар. Тағы үш адам ес-түссіз күйде сыртқа шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды. Бұл туралы Түркістан облыстық ТЖД хабарлады.
Департамент мәліметінше, өрт туралы хабар ерте түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ғимараттың толықтай жалынға оранғанын көрді.
Барлау кезінде құтқарушылар ессіз күйде жатқан үш адамды тауып, сыртқа алып шыққан. Кейінірек үй ішінен 12 адамның денесі анықталды.
Көршілердің сөзінше, үй иелері күн бұрын қонақ қабылдаған, олардың бір бөлігі түнде осы үйде қалып қойған.
ПРЕЗИДЕНТ РЕАКЦИЯСЫ
Содан 360 шаршы метр аумақты қамтыған өрт ауыздықталды. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себебі анықталуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Үкімет пен облыс әкіміне қайтыс болғандардың жақындарына қажетті көмек көрсетіп, оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.