ГеосаясатЕрекшеЖаңалықтар

Трамп Венесуэла президенті мен оның жұбайы ұсталғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп “АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізгенін” мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“АҚШ Венесуэла мен оның басшысы Николас Мадуроға қарсы ауқымды операцияны сәтті жүргізді. Мадуро әйелімен бірге ұсталып, елден әкетілді. Операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірге жүргізілді. Толығырақ кейін хабарлаймыз” деп жазды Трамп Truth Social желісінде. 

Трамптың сөзінше, Майамиде сағат 11-де (Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де) баспасөз жиыны өтеді.

Бүгін таңертең Каракасқа АҚШ әскері әуе шабуылын жасаған. 

 
Back to top button