TOP-2Геосаясат

Трамп Иранға 48 сағат берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран 48 сағатта Ормуз бұғазын ашпаса, Иранның электр станцияларын “жоятынын” айтып сес көрсетті. 

“Иран осы сәттен бастап 48 сағатта Ормуз бұғазын қоқан-лоқысыз толық ашпаса, АҚШ соққы жасап, олардың түрлі электр станцияларын ірісінен бастап жояды” деп жазды Трамп Truth Social платформасында. 

Бұған дейін 22 мемлекет Ормуз бұғазынан өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеген. NBC News-дің жазуынша, Ақ үйде ирандық порттарды басып алу ықтималдығы мен Парсы шығанағындағы шағын аралдарға әскер орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Back to top button