Ерекше

Трамп Гренландияның әр тұрғынына 1 млн доллар төлеуге дайын

Daily Mail басылымы мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия аралын АҚШ құрамына қосу үшін оның әр тұрғынына 1 миллион доллар төлеуге дайын, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, әңгіме шамамен 57 мың адамнан тұратын халық жайында. Бұл бастама Гренландияның болашақ саяси мәртебесіне қатысты келіссөздер аясында және аралдың АҚШ қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызына байланысты талқыланып жатыр.

«Трамп Гренландия тұрғындары АҚШ құрамына қосылуды қолдап дауыс берген жағдайда, әрқайсысына 1 миллион доллар – яғни 750 мың фунт стерлинг немесе 850 мың еуро ұсынуды қарастырып отыр», – делінген жарияланымда.

Бұған дейін «Курсив» басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда Гренландияны бақылауға алу үшін әскери күш қолданудан бас тартатынын мәлімдегенін жазған еді. Сонымен қатар ол аралдың қауіпсіздігін тек Америка Құрама Штаттары ғана қамтамасыз ете алатынын айтып, оны ықтимал «сатып алу» жөнінде жедел келіссөздер жүргізуге шақырған.

Back to top button