Трамп Бейжіңдегі парадты «АҚШ-қа қарсы астыртын әрекет» деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңдегі әскери парадқа пікір білдіріп, Ресей, Қытай және КХДР-ды АҚШ-қа қарсы «астыртын әрекет» жоспарлап отыр деп айыптады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Жауап беруді қажет ететін басты сұрақ – ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайға еркіндігін алу үшін Америка Құрама Штаттары көрсеткен орасан зор қолдау мен төгілген „қанды“ еске ала ма, жоқ па?.. Төраға Сиге және Қытайдың тамаша халқына мерекелеріңіз құтты болсын деймін. АҚШ-қа қарсы астыртын әрекет құрып жатқанда, Владимир Путин мен Ким Чен Ынға да ең жылы лебіздерімді жеткізіңіздер», — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Басқа мемлекет басшыларымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон милитаристеріне қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты.