Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.
Бастапқыда “Бейбітшілік кеңесін” құру Трамптың Газа аймағынлағы қақтығысты реттеуге арналған бейбітшілік жоспарының бір бөлігі болған. Алайда, Financial Times жазғандай, қазір кеңестің жарғысында Газа атауы мүлде аталмайды. Құжатта “Бейбітшілік кеңесі” “қақтығыстардан зардап шеккен немесе сондай қауіп төніп тұрған аймақтарда тұрақтылықты нығайтуға, сенімді әрі заңды басқаруды қалпына келтіруге және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылатын халықаралық ұйым” ретінде сипатталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram