Тоқаев Қорғаныс министрлігіне кадрлық өзгеріс енгізді

Ақорданың мәліметінше, екі қызметке әскери шенеуніктер тағайындалған, деп жазады Tizgin.kz.
Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған.
ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛГЕНДЕР
Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің, ҚР РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі Қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков жайлы ашық дереккөздерде мәліметтер аз.