Жаңалықтар

Тоқаев Қариннің қандай қызметпен айналысатынын белгіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Каринді қабылдап, вице-президентке бірқатар нақты міндет қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымының Конституцияда бекітілгеніне назар аударды. Президент бұл қызметтің мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалған еді.

Back to top button