Тоқаев пен Трамп жақын арада қайта жүздеседі
АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін екі ел басшыларының арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Елшінің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ президенттері сенімге негізделген тұрақты диалогты сақтап отыр және жақын арада кезекті кездесу өткізуді жоспарлауда.
Елші президент Тоқаевтың жақын арада АҚШ-қа жаңа сапармен баратынын растады. Мұндай жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларына қуатты серпін бермек.
«Президент Тоқаевпен кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың басымдықтарын талқыладық. Бұл мәселелерде Президент Трамптың толық қолдауына ие екенімізді білемін және қос көшбасшының ықпалымен ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттімін» – деп мәлімдеді Джули Стаффт.
Елші АҚШ-тың Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып танығанын еске салып, бүгінде серіктестік тарихи ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Оның айтуынша Вашингтон тарапы мәдениет, сауда және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі.