ЕрекшеЖаңалықтар

Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.

Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.

Зеленский телеграм-арнасында осы кездесу жайлы жазып, Қазақстанға Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс білдірген.

Back to top button