Тоқаев Жапаровтың шақыруымен Бішкекке келді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы сонымен қатар, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Қазақстан президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 31 тамыз – 1 қыркүйекте Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бағдарламада ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесу қарастырылған. Бұл туралы ШЫҰ хатшылығының ресми хабарламасында айтылған.
Биылғы саммит ұйымның құрылғанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Бішкектегі жиын Қырғызстанның 2025 жылғы қыркүйекте басталған төрағалығын қорытындылайды. Саммитті өткізу үшін ел астанасында «Ырыс Ордо» конгресс-холы салынған. Дереккөз: «Интерфакс».
Сондай-ақ 31 тамызда Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Ал негізгі спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар Ыстықкөл облысында, соның ішінде Шолпан-Ата қаласы мен Қыршын жайлауында ұйымдастырылады. Ойындар бағдарламасы 6 қыркүйекке дейін жалғасады.