Жаңалықтар

Тоқаев 2027 жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Қазақстан халқына Жолдауында Президент биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін берілгенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Болашақтың экномикасын құруға қадам

Оның сөзінше, енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс.

«Бұл – жаңа дәуірдің талаптарына толық сай келетін аса маңызды жалпыұлттық міндет. Болашақтың экономикасын құру үшін таптаурын түсініктер мен ескірген тәсілдерден біржола арылуымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Азаматтық инфрақұрылым нысандары салынады

Ол қоғам дамуының мүлде жаңа негізі қалыптастырылуы тиістігін жеткізді. Сөзінше, шын мәнінде, мұны озық технологиялар заманында өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімге арналған жалпыұлттық миссия деуге болады.

Цифрлық дәуір қаншалықты күрделі, қиын, тіпті қауіп-қатерге толы болса да, елдің мақсат-мұраты өзгермейтінін алға тартты.

«Сондықтан мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек», – деді Президент.

Back to top button