ЕрекшеОқиға

“12 сағаттан соң босатып жіберген”: тойда экс-қайын атасы ұрған әнші тағы шағым айтты

Оның айтуынша, Төле би аудандық тергеу соты бұрынғы қайын атасын үйқамаққа жіберген. Азода бұған наразы, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“ӨЛТІРСЕ ҒАНА ҚАМАЛА МА”

Ол ең алдымен әйел адамның мүддесін кім қорғайды деген сауал тастады.

Сонда ол тек екі ай үйқамаққа алынып, шалқып өмір сүре ме? Бізді ұрып-соғып, балағат сөз айтып, өлтірсе ғана қамала ма? Түсінбедім. Елде әйел адамның ар-намысын, мүддесін кім қорғайды?. Мені 400-500 адамның көзінше соғып, күліп, соңында видео таратады өздері. Мен үшін ол бөтен адам, бес жыл көрмегем, – деді ол.

Әнші Жоғарғы сот пен облыстық соттан шара қабылдауды сұрайды.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Түркістан облысының тұрғыны Азода Толайқызы бұрынғы күйеуінің әкесі ішіп алып, тойда ән айтып тұрған өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіге тарап кеткен. Азода «ел алдында ұрғаны үшін ол кісіні кешірмеймін» деп отыр. Ал бұрынғы күйеуі «әкеме арыз жазсаң, саған ешкім көмектеспейтін халге жеткізем» деп оны қорқытып жатқанын айтады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button