Ерекше

«Тобыл» футбол клубы атауын қазақшаландырды

Қостанай өңірінің басты футбол командасы жаңартылған логотипін көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, жаңа нұсқада клуб атауы «Тобол» емес, «Тобыл» деп таза қазақ тілінде жазылды. Клуб баспасөз қызметі мәліметінше, бұл толық ребрединг емес, уақыт талабына сай жасалған ұқыпты әрі байыпты жаңарту. 

«Клуб жанкүйерге жақсы таныс негізгі элементтер мен символиканы сақтай отырып, кей бөлшектер мен визуалды тепе-теңдікті жаңартты. Жаңартылған логотип тарих сабақтастығы мен ұмтылысты бейнелейді. Өткенге деген ұрмет пен болашаққа бағытталған көзқарас. Құндылық сақталды. Құрамы өзгерді. Заманауи нұсқа», – делінген «Тобыл» футбол клубының ресми парақшасында.

Back to top button