Теңге ілуден Федерация Кубогы өтті

2025 жылдың 12-13 қараша аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен теңге ілуден Федерация Кубогы өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жарыстың Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры және «AlemAgro» компаниясы болып табылады.
Кубоктың ұйымдастырушылары – ҚР «Теңге ілу» федерациясы» РҚБ, Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Жарысқа 18-ге толған және одан жоғары жас аралығындағы 30 облыс спортшылары қатысты.
Жарыста «Жеті құт», «Бес белес», «Қос құлаш» стильдері бойынша спортшылар сынға түсіп, үздіктер анықталды. Жарыстың басты ерекшелігі 3 стиль бойынша үздіктер жарысып, Үздік Теңге ілуші анықталды. Үздік Теңге ілуші – Шымкент қаласының спортшысы Төлтай Бақыт атанып, өзінің шеберлігін дәлелдеді.
Аталған жарыс, тұңғыш рет өтуде және әр жыл сайын өткізу жоспарлануда. Бұл жарыс спортшылар үшін өздерінің мықтылығын дәлелдеуге зор мүмкіндік. Жарыстың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының дамуына оң септігін тигізуде.
Теңге ілу федерациясына жаңа президент болып 2023 жылы қаңтар айында Амангелді Ақбатырұлы сайланып, теңге ілу спорты жылдан жылға деңгейі көтерілуде, себебі 2023 жылдан бері жаңа басшылықпен 3 рет Азия Кубогы, 1 рет Азия Чемпионаты және 1 рет Әлем Чемпионаты ұйымдастырылып халықаралық жарыстар саны көбеюде.
Теңге ілу 2026 жылы Қырғыз елінде өтетін Көшпенділер ойынының тізіміне кірген.