Ерекше

Темірлан Анарбеков әйгілі Нойердің нәтижесін қайталады

Алматылық “Қайрат” командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков SofaScore порталы мамандарынан рекордтық жоғары баға алып, тарихқа енді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасы аясындағы кезекті ойында екі күн бұрын Алматыда өтті. Кипрлік«Пафосқа» қарсы ойында Анарбеков жасаған бес тамаша сэйв оған SofaScore порталының ең жоғарғы бағасы, яғни 10 баллды әперді. Бұған дейін дәл осындай нәтижеге тек екі қақпашы ғана қол жеткізген болатын. Нақты айтсақ, 2008 жылы «Шальке» сапында ойнаған Мануэль Нойер португалиялық «Портуға» қарсы матчта және былтыр донецкілік «Шахтер» қақпасын қорғаған украиналық Дмитрий Рыжик француздың ПСВ командасына қарсы кездесуде тамаша өнер көрсетті.

«Темірлан Анарбеков үшін қандай керемет кеш болды! Ол тек жарақатынан айығып, Чемпиондар лигасында алғаш рет алаңға шыққаны үшін жоғары балл алған жоқ. 22 жастағы қазақстандық футболшы біздің базадағы Лига тарихында 10 ұпай алған үш қақпашының бірі атанды», — деп атап өтті SofaScore сарапшылары.

Айта кетерлігі, Анарбековтің бір керемет сэйві УЕФА-ның апталық үздік сәттер топтамасына да енді.

Бұл кездесу Темірлан Анарбеков үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі ең алғашқы ойыны болды. Бұған дейін жақ сүйегінен алған жарақатына байланысты ол португалиялық «Спортингке» және испандық «Реал Мадридке» қарсы екі матчқа қатысқан жоқ.

Ал іріктеу кезеңінде Анарбеков бар болғаны бір жарым ойынға қатысқан. Шотландияның «Селтигіне» қарсы матчта ол Александр Заруцкийдің арқасынан алған жарақаты салдарынан ойын ортасында алаңға шыққан. Ал Алматыда өткен қарымта ойында үш пенальтиді қайтарып, «Қайратты» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алып шыққан болатын.

Қазір үш турдан кейін «Қайрат»1 ұпаймен 36 команданың ішінде 34-орында тұр.

Back to top button