Ерекше

Ақтөбе облысында әкім өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің өліміне байланысты суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

НЕДЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дүйсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, оқиғаның мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін бұл туралы «ГосАрхив» Telegram-арнасы хабарлаған.

«Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсады. Оның денесі 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйінен табылған. Марқұм 46 жаста болды. Бейресми мәліметтерге сәйкес, сол күні ол достарымен кездескен. Аудан әкімдігі қайғылы хабарды растады. Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарды», — делінген хабарламада.

Back to top button