ЕрекшеСпорт

Тарихи жеңіс: «Қайрат» «Слованнан» басым түсті

“Қайрат” алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кездесу Братиславада өтіп, алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Алғашқы матчтың нәтижесі — 0:1. Негізгі және қосымша уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан, бәрі пенальти сериясында шешілді. Бұл жолы сәттілік “Қайрат” жағында болды — 4:3.

Осылайша, “Қайрат” тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді. Қарсыласы — Шотландияның “Селтик” клубы. Алғашқы матч 20 тамызда Глазгода, ал қарымта ойын 26 тамызда Алматыда өтеді.

Back to top button