Оқиға

Таразда пистолеттен ажал құшқан ер адамның денесі табылды

Tizgin.kz порталына ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады.

“Тараз қаласында ер адамның денесі табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды”, – делінген хабарламада.

Департамент қазір жан-жақты, толық әрі объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, дәлелдемелерді жинап, бекіту жұмыстары басталған.

Back to top button