ЕрекшеОқиға

Әкесін өлтіріп, баласын ұрлап кеткен: Талғарда тағы резонансты қылмыс болды

Талғарда бала ұрлап, кісі өлтірді деген күдікке ілінген адам ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz

«Күдікті ұсталды. Қылмыс құралы – шолақ мылтық тәркіленді», – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, арнайы жасақ баланы құтқару операциясын жүргізген. Қыз бала босатылған, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Ол анасымен қауышты, дәрігерлер де тексеріп жатыр.

«Ішкі істер министрі арнайы операцияның барысын жеке бақылауында ұстап отыр», – деді министрлікте.

Еске сала кетейік, адвокат Гаухар Сариева бұған дейін күдікті – автосервис қызметкері екенін хабарлаған еді. Адвокаттың айтуынша, күдікті бір ай бұрын Сариеваның сіңлісін зорлады деп айыпталған. Полиция бұл іс бойынша ешқандай шара қолданбаған дейді адвокат.

Гаухар Сариева күйеуімен бірге күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған, алайда келесі күні тәртіп сақшылары оны босатып жіберген. Осыдан кейін ер адам Сариеваның сіңлісіне қоқан-лоқы жасай бастаған. Сол күні кешке күдікті жәбірленушінің жездесінің үйіне келіп, оны атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен.

Back to top button