Архивы ядролық қару - Tizgin kz

Ким Чен Ын Трамптың ұсынысына жауап бермей, ядролық қаруды көбейтуді тапсырды
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ядролық қару өндірісін ұлғайтып, елдің әскери әлеуетін күшейтуді тапсырды. Пхеньянның бұл қадамы АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореямен келіссөзді қайта бастауға ниет білдірген сәтпен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Politico басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Корея басшысы ядролық материалдар өндіретін екі кәсіпорынға барды. Оның бірі жақында пайдалануға берілсе, екіншісінің өндірістік қуатын арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Ким Чен Ын сондай-ақ атом энергетикасына қажетті жабдықтар шығаратын өндіріс орны мен ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен танысты.

«Біздің ядролық қаруға ие екеніміз, оның маңызы, сондай-ақ ядролық әлеуетіміздің сапалық және сандық тұрғыдан артуы – кері қайтарылмайтын шындық», – деді Ким Чен Ын.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын елдің ядролық әлеуетін арттыру қажеттігін Корей түбегіндегі қауіп-қатердің өзгеруімен байланыстырған. Ол АҚШ-ты одақтастарының атом сүңгуір қайықтарына ие болуына ықпал етіп, олармен ядролық қаруды бөлісуге ұмтылып отыр деп айыптады.

Сонымен қатар Солтүстік Корея басшысы ұрыс жағдайында қолдануға арналған қуаты төмен ядролық қаруды әзірлеуді жеделдетуді тапсырды. Ол Оңтүстік Кореяны «ең қауіпті дұшпан мемлекет» деп атады.

Трамптың ұсынысы жауапсыз қалды

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайда өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында Пхеньянмен келіссөзді қайта бастауға ниетті екенін мәлімдеген еді. Алайда екі ел басшысының кездесуі өтпеді. Солтүстік Корея тарапы Трамптың ұсынысына ресми жауап берген жоқ.

АҚШ президенті Ким Чен Ынмен қайтадан хат алмасуға дайын екенін де айтты. Дегенмен соңғы уақытта екі ел басшысы арасында хат алмасу болмағанын мойындады.

Бұған дейін Ким Чен Ын Вашингтон Солтүстік Кореяға қатысты «дұшпандық саясатынан» бас тартып, елді ядролық держава ретінде мойындаған жағдайда ғана келіссөзді қайта бастауға болатынын айтқан. Сарапшылардың пікірінше, Пхеньян ядролық держава ретіндегі мәртебесін іс жүзінде мойындатып, кейін халықаралық санкцияларды жеңілдетуге қол жеткізуді көздеп отыр.

Сообщение Ким Чен Ын Трамптың ұсынысына жауап бермей, ядролық қаруды көбейтуді тапсырды появились сначала на Tizgin kz.