Архивы үй бағасы - Tizgin kz

Қазақстанда жаңа үйлер қымбаттай ма
Қазақстанда тұрғын үйлерге энергия үнемдейтін технологияларды енгізу баспана құнының 2%-ға дейін өсуіне әкелуі мүмкін. Алайда мұндай технологиялар ұзақ мерзімде тұрғындардың коммуналдық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов Tizgin.kz тілшісінің сұрағына жауап бергенде айтты.

Журналист орталық басшысынан құрылыс компаниялары энергия тиімділігін арттыруға жұмсаған шығындарын пәтер сатып алушыларға жүктей ме және бұл баспана бағасының тағы да қымбаттауына себеп болмай ма деп сұрады.

Үй бағасы қаншаға қымбаттауы мүмкін

Бауыржан Смағұловтың айтуынша, энергия тиімділігін арттыру үшін ғимараттарды терможаңғырту маңызды. Мұндай жұмыстар барысында ғимараттың жылуды қаншалықты сақтайтыны, энергияны қай жерде артық тұтынатыны және қандай жабдықтарды жаңарту қажеттігі анықталады.

«Біз әлеуметтік мекемелерге терможаңғырту жұмыстарын жүргіздік. Одан кейін энергия аудиті жасалады. Соның нәтижесінде қай жерде қандай кемшілік барын анықтаймыз. Мәселе шатырда ма, есікте ме, терезеде ме, жарықтандыру жүйесінде ме, әлде автоматтандырылған жылу пунктінің болмауында ма – соның бәрі қаралады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде энергия тиімділігі артып, үнемдеуге қол жеткізуге болады», – деді ол.

Орталық басшысы энергия үнемдейтін технологияларды енгізу тұрғын үй құрылысының құнына да әсер етуі мүмкін екенін жасырмады.

«Сондықтан үй бағасы 2%-ға дейін өсуі мүмкін. Оны құрылыс саласының мамандары нақты есептеуі керек», – деді Бауыржан Смағұлов.

Дегенмен оның айтуынша, бастапқы шығынның артуы кейін коммуналдық төлемдердің азаюы есебінен өтелуі мүмкін.

Коммуналдық төлем азая ма

Бауыржан Смағұлов терможаңғыртудың негізгі мақсаты ғимараттардың энергия тұтынуын азайту екенін атап өтті. Оның сөзінше, тиісті жұмыстар жүргізілгеннен кейін коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын төмендеуі тиіс.

«Терможаңғыртудан кейін коммуналдық төлемдер, керісінше, төмендейді. Егер мұндай жұмыстарды жүргізбесек, жылу электр станцияларына түсетін жүктеме артады. Қай салада болсын энергияны үнемдеу қажет», – деді ол.

Сондай-ақ орталық басшысы ғимараттарды терможаңғыртуға жеңілдетілген несие қарастырылғанын жеткізді.

«Терможаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 1%-дық несие беріледі. Оны 6, 7 немесе 10 жыл ішінде қайтаруға болады», – деді Бауыржан Смағұлов.

Сообщение Қазақстанда жаңа үйлер қымбаттай ма появились сначала на Tizgin kz.