Архивы тағам - Tizgin kz

«Өз еңбегіммен табыс тапқым келеді»: Алматыда 85 жастағы ардагер кәсіп бастады
Алматыда 85 жастағы Тельман есімді ардагер жұбайы және қызымен бірге шағын кәсіп бастап, үй тағамдарын сатуды қолға алды. Қария көпшіліктен қаржылай көмек емес, адал еңбегіне қолдау көрсетуді сұрады. Оның бейнеүндеуін бір күнде 19 мың адам көріп, түрлі қалалар мен елдерден жылы лебіздер жаудырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тельман ата Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, алматылықтарға үндеу жолдады. Желтоқсан айында 86 жасқа толатын қария өмірлік жағдайларға байланысты осы жасында бәрін дерлік нөлден бастауға тура келгенін айтты.

«Ешкімнен тегін ештеңе алғым келмейді»

Тельман ата жасына қарамастан, қиындықтарға мойымай, өз еңбегімен табыс табуға бел буған.

«Өмірлік жағдай солай болды: осы жасымда бәрін дерлік нөлден бастап, өз еңбегіммен күн көруге тура келіп отыр. Мен мойымаймын, қол қусырып отырмаймын және бәрі жақсы болатынына сенемін. Жұбайым және қызыммен бірге үй тағамдарын әзірлеп, сатуды шештік. Шынымды айтсам, мен қаржылай көмек сұрамаймын және ешкімнен тегін ештеңе алғым келмейді. Өз қолыммен, өз еңбегіммен адал табыс тапқым келеді», – деп жазды қария.

Оның айтуынша, отбасы дәмді әрі бағасы қолжетімді үй тағамдарын әзірлейді. Ал тапсырыстарды Тельман атаның өзі жеткізуге дайын. Қария бейнеүндеуінде қымбат жарнама жасауға қаражаты жеткіліксіз екенін айтып, көпшіліктен жазбасын бөлісуді өтінді.

«Жұбайым тамақты өте дәмді дайындайды. Қымбат жарнамаға қаражатымыз жоқ. Сіздерден осы бейнежазбаны бөлісіп, достарыңызға біз туралы айтуларыңызды сұраймын. Біз сіздерге тағамды шын көңілімізбен әзірлейміз», – деді Тельман ата.

Астана, Бішкек және Мәскеуден қолдау білдірді

Қарияның үндеуі әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Кейін жарияланған бейнежазбада қызы әкесіне алғашқы видеоны бір күнде 19 мың адам көргенін айтып, желі қолданушыларының жылы лебіздерін оқып берді. Тельман атаға Алматыдан ғана емес, Астана, Бішкек, тіпті Мәскеуден де қолдау білдіргендер бар. Желі қолданушылары қарияның еңбекқорлығына тәнті болып, отбасылық кәсібінің өркендеуін тіледі.

«Сәттілік тілеймін, қадірлі ардагер Тельман ата! Ойға алған барлық ісіңіз сәтімен жүзеге ассын. Алматылықтар, бейжай өтпеңіздерші, осы отбасының дәмді тағамдарынан сатып алып, қолдау көрсетіңіздер. Егер Алматыда тұрсам, күн сайын сіздерден тапсырыс берер едім. Өзіңізді және жақындарыңызды күтіңіз. Дендеріңізге саулық, жаңа отбасылық кәсіптеріңізге өркендеу тілеймін», – деп жазды Маржан есімді желі қолданушысы.

Кейбір қолданушылар Жаңа жыл қарсаңында Алматыға келгенде міндетті түрде тапсырыс беретінін жеткізген.

Үй тағамдарына қалай тапсырыс беруге болады

Тельман ата мен оның отбасы көпшіліктің жылы лебіздері мен қолдауына алғыс білдірді. Отбасы дайын тағамдар жиынтығынан бөлек, «Наполеон» және «Медовик» торттарын да әзірлейтінін хабарлады. Бір торттың бағасы – 5 мың теңге.

«Біз өз кәсібімізді ашып, тағамдарды шын көңілімізбен әзірлеуді ұйғардық. Тамақ дайындау өзімізге ғана емес, оны жейтін адамдарға да қуаныш сыйлағанын қалаймыз. Осындай жылы тілектеріңіз үшін баршаңызға үлкен алғыс айтамыз», – деді отбасы мүшелері.

Тапсырысты +7 776 246 10 06 телефон нөмірі арқылы беруге болады. Қоңырауларды отбасы мүшесі өзі қабылдап, тапсырыстарды қадағалайтынын айтты. Тельман ата 85 жасында да адамдардың мейіріміне, жақсылыққа және адал еңбектің жеміс беретініне сенетінін жеткізді.

«Әрқайсыңыздың дастархандарыңызда нан, бастарыңызда баспана болсын, жақындарыңыз аман-сау болсын. Бейжай қарамаған әрбір жанға алғыс айтамын!» – деп жазды қария.

Сообщение «Өз еңбегіммен табыс тапқым келеді»: Алматыда 85 жастағы ардагер кәсіп бастады появились сначала на Tizgin kz.