Архивы Шынар Ақпарова - Tizgin kz

Шынар Ақпарова диплом алмай тұрып мұғалім болған ба – өзі түсініктеме берді
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова өзінің өмірбаянындағы әлеуметтік желіде қызу талқыланған дерекке түсініктеме берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін желі қолданушылары вице-министрдің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі дипломын 2006 жылы алғанын, ал мұғалімдік еңбек жолын одан бірнеше жыл бұрын бастағанын қызу талқылаған еді. Үкіметтегі баспасөз мәслихатынан кейін Tizgin.kz тілшісі вице-министрден осы мәселеге қатысты пікірін сұрады.

«Сол кезде сырттай оқып жүрдім»

«Сіз қызметке тағайындалғаннан кейін кәсібилігіңізге күмән келтіріп жатқандар бар. Дипломды 2006 жылы алған екенсіз. Бірақ кейін сол ақпарат өшірілді деп жатыр. Бұл туралы не дейсіз?» деп сұрады тілші.

Ақпарованың айтуынша, ол еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып Жаңаарқа ауданы, Атасу стансасында №135 Атасу шағын жинақты мектебінде бастаған. Ол мұны сол кезеңде қолданыста болған «Білім туралы» заңның нормаларымен түсіндірді.

«Мен өзім еңбек жолымды алыс шалғай ауылдағы шағын жинақты мектепте қызмет атқарудан бастадым. Сол кезде 2007 жылға дейінгі “Білім туралы” заңның 39-бабында қандай да бір маман, кадр тапшылығы болған жағдайда білім беру ұйымы педагогикалық кеңесінің шешімімен мамандарды жұмысқа алу мүмкіндігі қарастырылған болатын. Ол кезде мен мектепте жұмыс жасадым. Сонымен қатар сырттай оқыдым. Бұл ретте осы жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс арқылы, грантпен аяқтадым», – деді Ақпарова.

Сондай-ақ вице-министр дипломын 2006 жылы алғанын растады.

«Иә, сол жылы мен дипломымды алдым. Одан кейін тағы да екінші жоғары оқу орнына түстім. Оған сәйкес педагог қызметте жұмыс істедім», – деді бірінші вице-министр.

Айта кетейік, Шынар Ақпарова бірнеше күн бұрын Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді.

Сообщение Шынар Ақпарова диплом алмай тұрып мұғалім болған ба – өзі түсініктеме берді появились сначала на Tizgin kz.

Мектепте оқушыларға смартфон ұстауының нақты талаптары бекітілді
Қазақстанда оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады. Ал үзіліс уақытында смартфон қолдануға рұқсат беру немесе шектеу мәселесін әр мектеп ішкі тәртіп ережесіне сай өзі шешеді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сабақ кезінде телефон пайдалануға болмайды

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында журналистер бірінші вице-министрден оқушылардың үзіліс кезінде телефон пайдалануына рұқсат етіле ме деп сұрады. Шынар Ақпарованың айтуынша, министрлік абоненттік ұялы байланыс құралдарын пайдалану тәртібін айқындайтын ережелерді әзірлеген. Оған сәйкес, оқушыларға оқу процесі кезінде ұялы телефон пайдалануға болмайды.

«Осы талаптардың негізінде білім беру ұйымдары барлық ұйымдастыру мәселесін өзінің ішкі тәртіп ережелерімен реттейді», – деді Шынар Ақпарова.

Демек, оқушылардың телефондарын сабақ кезінде қайда және қалай сақтайтынын мектептер өздері анықтайды. Мәселен, смартфондарды сабақ басталғанда жинап қоюы немесе арнайы жәшіктерде сақтауы мүмкін. Нақты тәртіпті әр білім беру ұйымы дербес белгілейді.

Үзіліс кезінде телефон пайдалануға қатысты да ұйымдастыру мәселелері мектептің ішкі тәртібімен реттелмек.

Жаңа талап барлық мектепке ортақ болады

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылынан бастап мектептерде смартфон пайдалануға қатысты бірыңғай талап енгізілетінін мәлімдеген.

Осыған дейін әр мектеп сабақ кезінде оқушылардың телефон пайдалану тәртібін өз бетінше белгілеп келсе, енді оқу процесінде смартфон қолданбау талабы барлық білім беру ұйымына ортақ болады.

Министрлік мұндай шектеуді сабақ кезіндегі тәртіп пен білім сапасына тікелей әсер ететін мәселелердің бірімен байланыстырып отыр. Себебі смартфон оқушының назарын сабақтан бөліп, әлеуметтік желі, ойын немесе хат алмасуға алаңдатуы мүмкін.

Сонымен бірге жаңа тәртіп телефонды мектепке мүлде алып келуге тыйым салуды білдірмейді. Негізгі шектеу – оқу процесі кезінде смартфонды пайдаланбау. Ал телефонды сақтау тәртібі мен үзіліс кезіндегі қолданысына қатысты нақты талаптарды әр мектеп өзінің ішкі ережесі арқылы айқындайды.

Сообщение Мектепте оқушыларға смартфон ұстауының нақты талаптары бекітілді появились сначала на Tizgin kz.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі тағайындалды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұжымына өз ведомствосының бірінші вице-министрі болып тағайындалған Шынар Ақпарованы таныстырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкімет қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол 2025 жылғы қарашадан бастап Оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарды.

Ақпарова жайлы

Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер болып жұмыс істеп, білім сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.

2020-2023 жылдары Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, 2023-2025 жылдары аталған департаменттің басшысы болды. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сообщение Оқу-ағарту бірінші вице-министрі тағайындалды появились сначала на Tizgin kz.