Архивы Ренат Айтаев - Tizgin kz

Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ренат Айтаевтың өмірбаяны

Ренат Айтаев 1976 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Мемлекеттік басқару саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолында бірқатар министрлікте, Үкімет басшысының кеңсесінде, Президент әкімшілігінде және Парламент Мәжілісінде басшылық қызметтер атқарған.

1998 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы «Демал-Шығыс» ЖШС-де экономика және қаржы жөніндегі директор қызметінен бастаған. 1999-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысының статистика саласында жұмыс істеген. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Талдау және болжау департаментінде жетекші және бас маман қызметтерін атқарған.

2002-2008 жылдары кеден саласында түрлі басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Атап айтқанда, Кірістер және келісімшарттар департаментінің кедендік кірістер бөлімін басқарған, кейін Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде басқарма бастығы болған. 2008-2009 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық қамтамасыз ету департаментін басқарған. 2009-2010 жылдары Индустрия және сауда министрлігінде индустриялық-инновациялық даму мәселелерімен айналысып, ведомствоның Салааралық үйлестіру және индустриялық саясат департаменттеріне жетекшілік еткен.

2010 жылы Премьер-министр кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған. Сол жылдың қазан айынан 2017 жылға дейін аталған бөлімді басқарған. 2017-2019 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі уәкіл қызметтерін атқарған. 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының хатшылығын басқарған. Ал 2022 жылдың ақпанында Парламент Мәжілісі аппаратының басшысы болып тағайындалған.

Ренат Айтаев мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін 2013 жылы «Құрмет», 2022 жылы «Парасат» ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ 2015 жылы «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» III дәрежелі медалін алған. Кеден қызметінің майоры атағы бар.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, екі ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр.

Сообщение Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды появились сначала на Tizgin kz.