Архивы QR - Tizgin kz

Қазақстандықтар бес елде QR-кодпен төлем жасай алады
Қазақстандықтар алдағы уақытта Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстанда өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Төлем жүйелері өзара байланыстырылады

Бес мемлекеттің орталық банктері ұлттық төлем жүйелерін біріктіру туралы келісіп, жоба тетіктерін осы жыл біткенше әзірлеуге келісті. Ұлттық банк мәліметінше, бастама Тәжікстанда өткен аймақтық кездесу кезінде талқыланды.

Оған Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан орталық банктері өкілдері қатысты. Бас қосуда қазақстандық тараптың ұсынысы қолдау тауып, төлем жүйелерін өзара байланыстыруды пысықтау туралы шешім қабылданды.

Қосымша жүктеудің қажеті жоқ

Жүйе іске қосылса, Қазақстан тұрғындары аталған төрт елге барғанда тауарлар мен қызметтер ақысын өз банкінің қосымшасы арқылы төлей алады. Ол үшін сатушы ұсынған QR-кодты сканерлеу жеткілікті болады. Яғни шетелде төлем жасау үшін бөлек қосымша жүктеп, қолма-қол ақша айырбастаудың керегі болмауы мүмкін.

Онымен қоса, бес ел тұрғындары арасында жедел ақша аударымдарын жасау мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Дегенмен мұндай төлемдердің нақты қай уақытта іске қосылатыны әзірге белгісіз. Әзірге тараптар жүйелерді техникалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан біріктіру жағын талқылап жатыр.

Сообщение Қазақстандықтар бес елде QR-кодпен төлем жасай алады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR енгізіледі
Ұлттық төрағасының сөзінше, барлық кедергі нарық қатысушыларының ынтымақтастығы арқасында еңсерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

ТӨРАҒАНЫҢ АЙТҚАНЫ

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай төлем QR-кодын іске қосылғанын хабарлады. Ол жобаның бүгін, 13 қарашада, бұрынғы қиындықтарға қарамастан іске қосылатынын атап өтті.

Көп айтылып жүрген QR жүйесі бойынша бізде біршама дайындық болды. Осы бағытта технологиялық және нарықтық сипаттағы бірқатар мәселе кездескенін де мойындау керек, – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, ірі экожүйелердің өз төлем трафигімен бөлісуге құлықсыздығы өз алдына кедергі болыпты.

Әрине, нарықтағы үлес пен төлем ағынын ешкім бөліскісі келмейді. Бұл әсіресе ірі экожүйелер арасында сезіледі, – деді ол.

QR ЕНГІЗІЛУІ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛГЕН БОЛАТЫН

Соған қарамастан, түбі оң нәтиже байқалды.

Нарықтың барлық өкілі саналатын ірі ойыншылар да, шағын қатысушылар да – конструктивті көзқарас танытты. Соның арқасында біз реттеушілік, техникалық және нарықтық мәселелерді шештік, – деп толықтырды Сүлейменов.

Бірыңғай QR-код технологиясын әзірлеу бірнеше жылға созылған. Оның енгізілуі техникалық күрделілікке байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған еді. Бұған дейін Тимур Сүлейменов жүйе 2024 жылдың соңына дейін толық жұмыс істейтінін айтқан.

Айта кетейік, бұл жобаның әзірленіп жатқаны туралы 2022 жылы сол кездегі Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова хабарлаған болатын.

Сообщение Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR енгізіледі появились сначала на Tizgin kz.