Архивы Qolda - Tizgin kz

Қазақстанда әзірленген Qolda тілдік моделінің ерекшелігі неде
Жасанды интеллект дәуірінде мемлекеттің технологиялық тәуелсіздігі оның өз деректерін, тілін және ақпараттық кеңістігін қаншалықты қорғай алуына да байланысты. Әлемнің технологиялық алпауыттары осы салада өзара бәсекеге түсіп жатқанда, қазақстандық ғалымдар да елдің тілдік және мәдени ерекшеліктеріне бейімделген жасанды интеллект модельдерін әзірлеуге кірісті. Соның бірі – Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) әзірлеген Qolda тілдік моделі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Qolda моделі жайлы

Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының директоры, профессор Хусейн Атакан Варол Әзербайжанның Баку қаласында өткен AICT2026 халықаралық ғылыми конференциясында Қазақстанда әзірленген Qolda тілдік моделін бұған дейін таныстырған. Qolda – Қазақстанның тілдік, мәдени және жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген генеративті жасанды интеллект моделі. Мұндай технологияларды әзірлеудегі негізгі мақсат – жасанды интеллектіні жергілікті халықтың сұранысына бейімдеу, ұлттық тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту және шетелдік технологияларға тәуелділікті азайту.

Бүгінде әлемге кеңінен танылған жасанды интеллект модельдерінің басым бөлігі ағылшын тілді деректер негізінде дамып келеді. Олар қазақ тілінде де жауап бере алады. Алайда тілдің табиғатын, сөздің астарын, ұлттық дүниетанымды, тарихи және мәдени ұғымдарды бірдей деңгейде түсіне бермеуі мүмкін. Сондықтан жергілікті деректермен оқытылған, елдің ерекшелігіне бейімделген модельдердің ғылыми әрі практикалық маңызы зор.

Qolda жобасында ықшам тілдік модельдерді әзірлеуге де мән берілген. Мұндай модельдердің артықшылығы – орасан зор есептеу қуатын қажет етпей-ақ, белгілі бір міндеттерді орындауға бейімделу мүмкіндігі. Бұл жасанды интеллект технологияларын ресурсы шектеулі мекемелерде де қолдануға жол ашады. Болашақта осындай модельдердің негізінде қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдейтін, құжаттарды талдайтын, азаматтардың сұрақтарына жауап беретін, білім беру мен ғылыми зерттеулерге көмектесетін цифрлық сервистерді дамытуға болады.

Қазақстанға өз жасанды интеллект модельдері не үшін қажет

Жасанды интеллект бүгінде жекелеген компаниялардың технологиялық өнімі ғана емес, мемлекеттердің экономикалық, ғылыми және ақпараттық әлеуетін айқындайтын маңызды құралға айналып келеді. Ақпаратты кім жинайды, оны кім өңдейді және қандай инфрақұрылымда сақтайды деген сауалдардың стратегиялық маңызы артып отыр.

Шетелдік бұлттық сервистерді пайдаланған кезде оларға енгізілген ақпарат сыртқы инфрақұрылымда өңделуі мүмкін. Ал жергілікті ортада жұмыс істейтін тілдік модельдер деректерді ел аумағында өңдеуге және олардың қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе мемлекеттік мекемелер, қаржы ұйымдары, ғылыми орталықтар мен құпия ақпаратпен жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін маңызды.

Сонымен қатар жергілікті тілдік модельдерді әзірлеу отандық ғылымның дамуына, білікті IT мамандарының қалыптасуына және Қазақстанда жаңа технологиялық өнімдердің пайда болуына ықпал ете алады. Мәселенің тағы бір маңызды қыры – қазақ тілінің болашағы. Цифрлық дәуірде тілдің өміршеңдігі оның күнделікті тұрмыста қолданылуымен ғана емес, ғылымның, технологияның және жасанды интеллектінің тіліне айналуымен де өлшенеді. Қазақ тіліндегі сапалы деректер қорын қалыптастыру, сол деректер негізінде тілдік модельдерді оқыту – ұлттық тілдің жаңа технологиялық кеңістіктен өз орнын алуына жасалған қадам.

Qolda моделі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің нысаналы бағдарламалық қаржыландыруы аясында әзірленген. Жобаны жүзеге асыратын ғылыми консорциумды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басқарады. Оның құрамына ISSAI, «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты кіреді. Дегенмен жергілікті тілдік модельдің әзірленуі технологиялық тәуелсіздікке толық қол жеткіздік дегенді білдірмейді. Ол үшін деректер қоры, есептеу инфрақұрылымы, білікті мамандар, тұрақты ғылыми зерттеулер және модельдің нақты мүмкіндіктерін бағалайтын тәуелсіз сынақтар қажет.

Қазақстан үшін жасанды интеллект саласындағы басты міндет – әлемдік технологияның дайын тұтынушысы болып қалмай, оны өзі әзірлейтін, жетілдіретін және ұлттық мүддесіне сай пайдалана алатын елге айналу. Qolda секілді ғылыми жобалардың стратегиялық маңызы да осында.

Сообщение Қазақстанда әзірленген Qolda тілдік моделінің ерекшелігі неде появились сначала на Tizgin kz.