Архивы психологтар - Tizgin kz

Дәрігерлер мен психологтарға қанша үстемақы төленеді
Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлеріне еңбек өтіліне қарай 50 пайызға дейін, ал психологтарға базалық лауазымдық жалақысының 300 пайызы мөлшерінде үстемеақы төлеу ұсынылды. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дәрігерлерге үстемеақы қалай төленеді

Қаулы жобасына сәйкес, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарында үздіксіз еңбек еткен дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу көзделіп отыр. Үстемеақының мөлшері маманның бір салада қанша жыл үздіксіз жұмыс істегеніне байланысты белгіленбек.

Атап айтқанда, АМСК ұйымдарында екі жылдан астам жұмыс істеген мамандарға лауазымдық жалақысының 20 пайызы, үш жылдан асқандарға 30 пайызы, ал бес жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге 50 пайызы мөлшерінде үстемеақы төлеу ұсынылған.

Жаңа тәртіп учаскелік терапевтерге, педиатрларға және жалпы практика дәрігерлеріне қатысты болмақ. Сонымен қатар қосымша төлем учаскелік және жалпы практика мейіргерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, патронаждық және мектеп мейіргерлеріне де қарастырылған.

Бұл ретте үстемеақы барлық медицина қызметкеріне бірдей төленбейді. Оның мөлшері алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы үздіксіз еңбек өтіліне және атқаратын қызметіне байланысты есептеледі.

Психологтарға – 300%, әлеуметтік қызметкерлерге – 200% үстемеақы

Үкімет әзірлеген құжатта медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қосымша қаржылық қолдау көрсету көзделген. Атап айтқанда, АМСК ұйымдарында халыққа тікелей қызмет көрсетуге қатысатын мамандарға психоэмоциялық және физикалық жүктемесі үшін үстемеақы төлеу ұсынылып отыр.

Жобаға сәйкес, психологтарға базалық лауазымдық жалақысының 300 пайызы, ал әлеуметтік қызметкерлерге 200 пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленбек. Бұл төлемдер негізгі жалақының орнына емес, оған қосымша есептеледі.

«Ұсынылған шаралар атаулы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін тікелей қамтамасыз ететін қызметкерлерді тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақсыздығын азайтуға, кадр тапшылығын қысқартуға, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы мамандарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – делінген құжатта.

Құжат «Ашық НҚА» порталында 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке дәрігерлердің еңбекақысын арттыруды тапсырған болатын.

Сообщение Дәрігерлер мен психологтарға қанша үстемақы төленеді появились сначала на Tizgin kz.