Архивы оқу-ағарту - Tizgin kz

Желіде тараған ұжымдық арыздан кейін Оқу-ағарту министрлігі сотқа жүгінгелі отыр
“Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен президентке ұжымдық арыз жолданды” деген ақпараттан соң Оқу-ағарту министрлігі сотқа жүгінгелі отыр. Ведомство бұл шағым ресми тіркелмеген деп ақпарат берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

АРЫЗ ЖАЙЛЫ

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен президент атына жолданған ұжымдық арыз жайлы ақпарат кешелі бері көп БАҚ-та тараған еді. Тараған ақпаратта өзін министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлеріміз деп таныстырған авторлар министрдің қызметінен кетуін талап етіп, министрліктегі кадрлық саясатқа, басқару стиліне және жұмыс ахуалына қатысты бірқатар сын айтқаны жазылған.

“”Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге Конституцияның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сақтаушысы ретінде жүгініп отырмыз. Сізден Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде қалыптасқан аса күрделі жағдайға ерекше назар аударуыңызды сұраймыз. Бүгінде бұл жағдай министрлік пен оған қарасты ұйым қызметкерлерінің арасында үлкен алаңдаушылық туғызатын деңгейге жетті. Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова министр болып тағайындалғаннан бері ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал күрт нашарлады. Бұрын өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа және сенімге негізделген кәсіби орта орнына тұрақты психологиялық қысым, белгісіздік және қызметкерлердің кәсіби болашағына деген қорқыныш қалыптасты. Министр қызметінің алғашқы күндерінен бастап ұжым басшылық құрамын қудалау және қызметкерлерді үнемі психологиялық қысым жағдайында ұстау әрекеттерін байқады. Министрдің басқару стилі ерекше алаңдаушылық туғызады. Аппараттық кеңестер мен жұмыс кездесулері кезінде құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық ұйым басшыларына дауыс көтеру, эмоциялық қысым жасау, көпшілік алдында орынсыз әрі ар-намысын қорлайтын түрде сын айту жағдайлары жиі кездеседі”, – делінген құжатта.

Осы арызды бірқатар БАҚ таратты.

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ

Tizgin.kz порталы осы арыз жөнінде Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен ресми түсініктеме сұраған. Қысқаша мынадай жауап келді:

“Әлеуметтік желіде әртүрлі жаңалық порталдары мен блогерлер арқылы тараған шағым ресми тіркелмеген, осыған орай оны тарату және жариялау фактілері бойынша, сот органдары және құқық қорғау органдарына тиісті талап арыздар жолданатын болады”.

Сообщение Желіде тараған ұжымдық арыздан кейін Оқу-ағарту министрлігі сотқа жүгінгелі отыр появились сначала на Tizgin kz.

Министр ауысқан күні шыққан шу: жеке мектеп басшылары неге наразы
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалған күні Астанаға жеке меншік мектептердің басшылары жиналып, бәрі де қаржыландыру мәселесін шешуді талап етті. Жиыны 30-40 адам “бүкіл Қазақстаннан келіп тұрмыз” деп, Қаржы орталығы арқылы әр оқушыға айына 60-100 мың теңге аралығында бұған дейін ақша бөлініп тұрғанын айтты. Алайда бұрын да туындай бастаған қаржыландыру мәселесі биыл оларды тіптен тұралатқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БҰЛ ДАУ ЕМЕС – МҰҢ

Түркістандағы жеке мектептердің бірінен келген Айдос Мұқановтың айтуынша, Қаржы орталығы 2023 жылға дейін жекеменшік мектептерді мінсіз қаржыландырып келген. Содан бері олар қинала бастаған.

“Ақшаны бөлу мәселесі қазір қиындап кетті. Асхат Аймағамбетов министр болған тұста бүкіл Қазақстанда үш ауысымды мектептерді азайту міндеті болған. Соған біз себепші болып, кәсіпкерлер қолдап, бүкіл Қазақстанда жекеменшік мектептерді ашты. Екі жыл бойы жұмыс істеп келдік. Бірақ екі жылдан бері ақша мәселесі туындай бастады. Қыркүйекке әлі қаражат бөлінген жоқ. Мемлекеттік мектептерге қаражат бөлінгенімен, біз әлі алған жоқпыз. Астанаға келіп отырған себебіміз – ақша мәселесін шешіп берсін дейміз. Бұл дау емес – мұң”, – дейді Айдос Мұқанов.

Мектеп директорының айтуынша, өзі басшылық ететін мектепте әр баланың ата-анасынан қаражат жиналмайды. Тек кейбір мектептер балаларды автобуспен алып-қайту үшін ақша жинайды. Астанаға келген 30-40 адамның ішінде (директорлар) 200-ден 600 балаға дейін оқытып жатқан мектеп иелері бар. Айдос Мұқанов 70 мұғалімге айлығын қалай берерін білмей, басы қатып отыр.

Жекеменшік мектептердегі әр оқушыға ай сайын мемлекеттен 60-100 мың теңге аралығында ақша бөлініп келген.

“МҰҒАЛІМДЕРГЕ 37 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗБЫН”

Жамбыл облысынан келген жекеменшік мектептің директоры Раушан Саурықованың білім ордасында 400 бала оқып жатыр. Оның 100-і интернатта оқиды. Интернатта жатқан балалар бес уақыт тамақпен және оқулықтармен тегін қамтылған.

“Қаржы орталығы порталды ашпаған себебінен бір жылдан бері қаражатсыз отырмыз. Мемлекеттік мектептерде оқушы орыны тапшы. Сол себепті жергілікті атқарушы органдар сұраған соң ашылып едік. Жамбыл облысында барлығы жекеменшік 68 мектеп бар. 18 мың жуық бала сол білім ордаларында оқиды. Оның ішінде 12 жекеменшік мектеп бір жылдан астам уақыт бойы қаржыландыруға мүлде ілінбеген. Жеке кәсіпкерлер өз қалтасынан балаларды оқытып жатыр”, – дейді ол.

Раушан Саурықованың мектебінде 47 мұғалім білім береді. Қаражаттың тапшылығына байланысты Раушан “400-ақ балаға тегін білім беріп отырмыз” дейді. Сөзінше, әр баланы ыстық тамақпен, техникалық қажеттілікпен қамту мәселесі жар бермей барады. “Бүгінгі таңда біз мұғалімдерге 37 млн теңгеден астам берешекпіз” дейді ол.

Тараздағы жекеменшік мектептен келген Татьяна Педялина былтыр Қаржы орталығымен келісімшартқа отырғанын айтады. Соның негізінде мектепке қойылған талаптардың бәрі де орындалған. Сол шартқа сай жаңа мектеп салынып, білім ордасы техникалық тұрғыдан қамтылған.

“Қаржы орталығы өз міндеттерін орындаған жоқ. Мемлекеттік білім беру тапсырысын бізге бермеді. Егер республикада былтыр өтінімдер берілсе, Жамбыл облысында ескі мектептерді кеңейту өтінімдері болмады. Бұл проблема жылға созылды. Бізде қазір қаржыландыру жоқ. Бір жылдан бері бос тұрған мектепке оқушыларды кіргізе алмай отырмыз. Жаңадан балаларды қабылдау туралы мүлде әңгіме жоқ. Бар балалардың өзін жайлы жағдайда оқытуға зар болып отырмыз. Себебі ескі ғимарат жалға алынған. Жаңасы бос тұр”, – дейді Татьяна Педялина.

Бұрын жекеменшік мектептерге Қаржы орталығы тікелей қаражат бөліп келген. Алайда ережелердегі соңғы өзгерістерге байланысты қаражат жергілікті әкімдікті айналып бөлінетін болған. Жекеменшік мектептерге тек әр оқушы үшін ақша бөлініп келген.

МИНИСТРЛІКТІҢ ҰСТАНЫМЫ

Мектеп басшылары журналистерге мәселесін айтып болған соң олардың бәрін министрлікке “вице-министр қабылдайды” деп кіргізіп алды. Журналистер ішке бірге кіреміз дегенде, полиция оларға “телефондарыңды қалдырыңдар” деді. “Жазып алмасақ, ол жақта не істейміз, телефонмен кіргізіңдер” деп журналистер сыртта күтті.

Арада бір сағаттан артық уақыттан соң журналистердің алдына Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Меделбекова шықты.

Оның айтуынша, аталған бағытта бюджет осыдан екі-үш жыл бұрын бөлініп қойған. Енді жетпеген ақшаны жергілікті атқарушы органдар бөлуі керек.

“Нысаналы трансферттермен жергілікті бюджеттерге қаражат жіберілген. Қазір оқушылардың контингентінде айырмашылық бар. Бюджет екі-үш жыл бұрын бекітілген. Контингенттегі айырмашылықтың үстіндегі қаражатты жергілікті атқарушы органдар қарастыруы керек. Өз бюджеттерінен. Мәслихаттардың отырысы қазан-қараша айларында өтеді. Біз қазір олардың бәрімен байланыстамыз. Мәслихат сессиясында қарастырылғаннан кейін ары қарай бұл мәселе шешіледі. Сонымен қатар, республикалық бюджеттік комиссияға да қосымша қаражатты сұрау жөнінде ұсыныс беретін боламыз”, – дейді ол.

Еске сала кетейік, шу шыққан министрлікте бүгін ғана министр ауысқан. Үш жылға жуық министр қызметін атқарған Ғани Бейсембаев орнынан кетіп, депутат болған Жұлдыз Сүлейменова басшылық қызметке келді.

Сообщение Министр ауысқан күні шыққан шу: жеке мектеп басшылары неге наразы появились сначала на Tizgin kz.