Архивы Мұстафа Өзтүрік - Tizgin kz

Түріктер «Мұстафаны тірі әкетіп, өлігін әкелдіңдер» дегенде қазақтар жылап жіберді
Бүгін – Қазақстанда таэквондо спортының дамуына зор үлес қосқан, қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің туған күні. Көзі тірі болғанда ол 72 жасқа толар еді. Осыған орай марқұмды жақыннан таныған Әмидолда Құлдыбекұлы Tizgin.kz порталына белгілі спортшының өмірі мен қазасына қатысты әсерлі естелігін айтып берді.

Ауғанстанда дүниеге келіп, кейін Түркияда өмір сүрген, одан соң тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударған Әмидолда Құлдыбекұлы Мұстафа Өзтүріктің елге оралуына не түрткі болғанын және оның қазақ халқына деген сүйіспеншілігін еске алды.

Мұстафа Өзтүріктің Қазақстанға оралуы

Әмидолда Құлдыбекұлының айтуынша, Мұстафа Өзтүрік 1991 жылы өткен алғашқы құрылтайға қатысқан. Сол кезеңде шетелдегі қазақтардың тарихи отанына оралуы туралы әңгіме қозғалған.

«1991 жылы марқұм Мұстафа Өзтүрік бірінші құрылтайға келген еді. Сол кезде Қажыжақып деген туған көкем де елге қайту керек екенін айтты. Ол Қазақстандағы бауырларымыздың 72 жыл бойы қиыншылық көргенін айтып, «Барып, қолдан келген үлесімізді қосайық. Елге қайтайық, жігіттер!» деді», – деп еске алды ол.

Осыдан кейін 1992 жылы олар тарихи отаны – Қазақстанға қоныс аударған. Әмидолда Құлдыбекұлының сөзінше, Мұстафа Өзтүрік елге келген соң спорттың дамуына ерекше еңбек сіңірген. Оның көмегі тек Қазақстандағы қазақтармен шектелмей, өзге де түркі тілдес халықтарға тиген.

«Ол спорт жағынан қазақтарға ғана емес, түркі тілдес бауырларға да көп көмектесті. Өте ақылды, парасатты, терең ойлайтын азамат еді. Түркі тілдес бауырлары үшін жанын беруге дайын болатын. Оның «Елім үшін, жерім үшін» деп келгеніне мен жүз пайыз кепілдік беремін», – деді ол.

«Осы сөзді естіген қазақ жігіттері жылап жіберді»

Мұстафа Өзтүрік 1995 жылы 15 наурызда дүниеден өтті. Оның қазасы туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ спорт әлеміне ауыр тиді. Әмидолда Құлдыбекұлы марқұмның мәйітін Қазақстаннан Түркияға жеткізген кезде болған оқиғаны да айтып берді. Оның сөзінше, Түркиядағы әуежайда жергілікті азаматтардың бірі қазақ жігіттеріне ауыр сөз айтқан.

«Жасым 50-ден асса да, жүрегім ауыратын кездер болады. Мұстафа Өзтүріктің мәйітін әуежайдан түсіріп, алып бара жатқан кезде бір түрік азаматы: «Сендер Мұстафаны аман-сау алып кетіп, өлігін алып келдіңдер» деген екен. Бұл оқиғаны маған ағаларым айтып берген еді. Осы сөзді естігенде олар жылап жіберген. Бұл сөз бәрімізге өте ауыр тиді», – деп еске алды ол.

Оның айтуынша, арада қанша жыл өтсе де, Мұстафа Өзтүріктің қазасына қатысты осы естелік жүрегінде сақталып қалған.

«Бұл – өмір ғой енді. Мұстафа өте ақылды, парасатты, тереңнен ойлайтын адам еді. Ол елі мен жері үшін келді», – деді Әмидолда Құлдыбекұлы.

Мұстафа Өзтүрік Қазақстанда таэквондо спортының қалыптасуына және танымал болуына елеулі үлес қосты. Оның есімі отандық спорт тарихында сақталып қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Мұстафа Өзтүрік (1954–1995) – қазақтан шыққан әйгілі таэквондо шебері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, қара белбеудің 6-дан иегері және Қазақстан таэквондо федерациясының негізін қалаушы. Ол 1954 жылы 23 қарашада Түркияның Қайсери өңірінде қазақ отбасында дүниеге келген. Ата-бабалары Қытайдан Түркияға қоныс аударған. Мұстафа Өзтүрік Тайваньда білім алып, таэквондоны кәсіби деңгейде меңгерген. Кейін Германия мен Түркияда таэквондо мектептерін ашып, шәкірттер тәрбиелеген.

1990 жылы тарихи отаны Қазақстанға алғаш келіп, елде таэквондо спортының дамуына үлкен үлес қосты. Қазақстанда таэквондо федерациясының құрылуына атсалысып, жас спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындады.

1995 жылы 15 наурызда Алматыда 40 жасында қайтыс болды. Денесі Түркияның Ыстанбұл қаласында жерленген. Мұстафа Өзтүрік қазақ спортының дамуына ғана емес, шетелдегі қазақтардың тарихи отанымен байланысын нығайтуға да үлес қосқан тұлға ретінде есте қалды.

Сообщение Түріктер «Мұстафаны тірі әкетіп, өлігін әкелдіңдер» дегенде қазақтар жылап жіберді появились сначала на Tizgin kz.