Архивы мердігер - Tizgin kz

115 млн теңгеден астам шығын: Жетісуда жол жөндеген мердігердің үстінен іс қозғалды
Жетісу облысында Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар автокөлік жолын күрделі жөндеу барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегі анықталды. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келген шығын 115 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Tizgin.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Мердігер таудың беткейінен заңсыз тас пен топырақ өндірген

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жер қойнауын пайдалану заңнамасының бұзылғанын анықтады. Прокуратура мәліметінше, жол құрылысына жауапты мердігер ұйым тиісті рұқсат құжаттарынсыз таудың беткейінен тас пен топырақ өндірген.

Заңсыз алынған табиғи материалдар автомобиль жолының негізін салу кезінде пайдаланылған.

Қадағалау органы жүргізген алдын ала есептеулерге сәйкес, жер қойнауын заңсыз пайдалану салдарынан мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында заңсыз өндірілген табиғи материалдардың көлемі, мемлекетке келтірілген шығынның нақты мөлшері және оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жауапкершілігі анықталуға тиіс.

Облыстық прокуратура тергеу барысы өз бақылауында екенін хабарлады. Қадағалау органының мәліметінше, өңірде экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудан қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сообщение 115 млн теңгеден астам шығын: Жетісуда жол жөндеген мердігердің үстінен іс қозғалды появились сначала на Tizgin kz.

Астанада мемлекет қаржысын иемденді деген ЖШС басшысына үкім шықты
Елордада көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын иемденіп және оны жұмсау ісі бойынша «Дорстройтрест» ЖШС басшысына үкім шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz АФМ Channel-ге сілтеме жасап.

ТАРАПТАР КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСҚАН

Тергеудің Астана қалалық Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

Еске сала кетейік, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу жөнінде келісімшарт жасалған. Келісім аясында мердігер компанияға 2,6 миллиард теңге көлемінде аванс төленген.

Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған әрі көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, алдын ала төлемнің бір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөліктер сатып алуға жұмсалған.

СОТ ҮКІМІ ҚАНДАЙ

Бұған қоса, 650 миллион теңге жалған келісімшарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сот үкімімен Нұрабаев кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Осы іске қатысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

Сообщение Астанада мемлекет қаржысын иемденді деген ЖШС басшысына үкім шықты появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда мердігерлерге қойылатын талаптар күшейтілді
Қазақстанда мемлекеттік құрылыс жобаларын жүзеге асыратын мердігер ұйымдарға қойылатын тәжірибе талаптары күшейтілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ

Бұдан былай бюджеттен тыс жобаларға қатысу тәжірибесі мемлекеттік емес ұйымдар тапсырыс берген техникалық күрделі объектілер бойынша ғана ескерілмек. Мәліметтер мемлекеттік сараптаманың ақпараттық жүйесі арқылы расталады. Ал мемлекет пен ұлттық компаниялар тапсырыс берген жобалар бойынша тәжірибе тек мемлекеттің өзі инвестиция салған жағдайда ғана есептеледі.

– Мердігердің тәжірибесі мемлекеттік сатып алудағы баға ұсынысына ықпал ететін критерий ретінде бағаланғанда, бір жыл ішінде үш нысаннан артық есепке алынбайды. Квазимемлекеттік сектор нысандары бойынша растаушы құжаттар қатарында хабарлама талоны мен сараптама қорытындысы талап етіледі, – деп нақтылады министрлік.

ЖАУАПСЫЗ КОМПАНИЯЛАР ЖАСАНДЫЛЫҚҚА БЕЙІМ

Аталған өзгерістерді әзірлеуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қатысқан.

Қаржы министрлігі өкілдері бұл түзетулерді таныстырғанда кей кәсіпкерлердің жұмыс тәжірибесіне қатысты деректерді манипуляциялайтынын мәлімдеген болатын. Бұған дейін сенатор Евгений Больгерт те бұл мәселені көтерген еді. Оның айтуынша, кейбір жауапсыз компаниялар ұсақ келісімшарттар арқылы жасанды түрде тәжірибе жинап, әділетсіз бәсекелестік артықшылықтарға ие болып келген.

Сообщение Қазақстанда мердігерлерге қойылатын талаптар күшейтілді появились сначала на Tizgin kz.