Архивы Мәди Азбергенов - Tizgin kz

Қазақстандағы алғашқы АЭС: құрылысқа дайындық қалай жүріп жатыр
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа 3 қыркүйекте қол қойылды. Алматы облысының Жамбыл ауданында жоспарланған станцияға «Балқаш» атауы берілді. Алайда келісімшарттың жасалуы алаңда бірден бетон құю басталады дегенді білдірмейді. Оған дейін ауқымды инженерлік зерттеулер жүргізіліп, жоба мен құрылыс инфрақұрылымы дайындалуы керек, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС энергетика тобының жетекші инженері Мади Азбергеновтің түсіндіруінше, алғашқы бетон — бірнеше бағытта қатар жүргізілетін дайындық жұмыстарының нәтижесі. Бұл жұмыстардың бір бөлігі негізгі келісімшартқа қол қойылғанға дейін басталған.

Алаңды зерттеу және қауіпсіздікті негіздеу

«Балқаш» АЭС-ін орналастыруға қолайлы алаңды анықтау үшін Жамбыл ауданында инженерлік-іздестіру жұмыстары 2025 жылғы 8 тамызда басталды.

Осы уақыт ішінде мамандар геофизикалық зерттеулер жүргізіп, ұңғымалар бұрғылады. Топырақ пен судың шамамен мың сынамасы алынып, гидрогеологиялық зерттеулер орындалды. Қазір аумақтың аэрометеорологиялық, гидрологиялық және өзге де табиғи жағдайларын бақылау жалғасып жатыр.

Бұл зерттеулер болашақ станцияның жобасын нақты алаңға бейімдеу үшін қажет. Жобалаушылар топырақ қабаттарының ерекшеліктерін, жерасты суларының орналасуын, аумақтың геологиялық құрылымы мен сейсмикалық сипаттамаларын ескеруі тиіс. Табиғи және климаттық жағдайлар да инженерлік шешімдерге тікелей әсер етеді.

Маманның айтуынша, АЭС жобасын бір өңірден екіншісіне өзгеріссіз көшіру мүмкін емес. Зерттеу нәтижелері станция нысандарының параметрлерін айқындауға және құрылыс шешімдерін әзірлеуге негіз болады. Дайындықтың тағы бір маңызды бөлігі – қауіпсіздікті негіздеу. Атом энергетикасында қауіпсіздік талаптары жобалау кезеңінен бастап ескеріледі. Мамандар ықтимал сыртқы әсерлерді бағалап, құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелердің сенімділігін есептейді. Станцияның бүкіл өмірлік цикліне қатысты талаптар да осы кезеңде қарастырылады.

Сондықтан негізгі құрылыс басталғанға дейін техникалық құжаттар мен есептеулердің едәуір бөлігі әзірленуі қажет.

Алғашқы бетонға дейін инфрақұрылым мен өндіріс дайын болуы тиіс

АЭС салу үшін реактор ғимаратының жобасын әзірлеумен шектелу жеткіліксіз. Алаңда мамандардың, техниканың және мердігер ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылым болуы керек.

Оған кірме жолдар, инженерлік коммуникациялар, уақытша ғимараттар, өндірістік және қоймалық нысандар кіреді. Сонымен бірге құрылыс материалдары мен жабдықтарды жеткізу тәртібі ұйымдастырылады.

Бетон өндірісіне де ерекше талап қойылады. Атом нысаны үшін бетонның көлемімен қатар құрамы, сипаттамалары, өндіру, тасымалдау және төсеу технологиясы маңызды. Оның сапасын бақылау жүйесі де негізгі құрылыс жұмыстарына дейін дайындалуы тиіс. Бұл талаптардың сақталуы болашақ конструкциялардың сенімділігіне тікелей әсер етеді.

Күрделі технологиялық жабдықтарды дайындау мен жеткізу де алдын ала жоспарланады. Оларды өндіру ұзақ уақыт алуы мүмкін. Сондықтан жабдықтардың сипаттамалары, жеткізу және монтаждау мерзімдері жобалық шешімдермен әрі құрылыстың жалпы кестесімен үйлестіріледі.

Мади Азбергеновтің түсіндіруінше, «алғашқы бетон» ұғымы әдетте реактор ғимаратына қатысты негізгі конструкцияны бетондау жұмыстарының басталуын білдіреді. Бұл сәтке дейін жобалық құжаттама, алаң, құрылыс инфрақұрылымы, өндірістік процестер мен сапаны бақылау жүйесі дайын болуы қажет.

Техникалық дайындықпен қатар отандық кәсіпорындарды жобаға тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін Қазақстанда қандай тауарларды өндіруге, қандай жұмыстар мен қызметтерді орындауға болатыны және қандай құзыреттерді дамыту қажет екені алдын ала анықталады.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС тапсырыс беруші әрі болашақ оператор ретінде жобаны дайындауға, серіктестермен және мемлекеттік органдармен жұмыс істеуге, кадрлық әлеуетті қалыптастыруға қатысады.

Осылайша, алғашқы бетон құю – «Балқаш» АЭС-ін іске асырудағы маңызды белес. Оның артында инженерлік зерттеулер, жобалау, қауіпсіздікті негіздеу, инфрақұрылым әзірлеу және жабдықтарды дайындау секілді бірнеше жылға созылатын жұмыс тұрады.

Сообщение Қазақстандағы алғашқы АЭС: құрылысқа дайындық қалай жүріп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

330 градус және жоғары қысым: атом реакторы қалай жұмыс істейді
ВВЭР типті атом реакторының бірінші контурындағы су шамамен 330 градусқа дейін қызғанымен, сұйық күйде қалады. Оның себебі – судың қайнау температурасын арттыратын жоғары қысым. «Балқаш» жобасы энергетика тобының жетекші инженері Мәди Азбергенов реактордағы су неге қайнамайтынын және атом электр станциясында турбинаны айналдыратын бу қайдан алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстанда атом энергетикасы талқыланғанда көбіне технология, қауіпсіздік және мамандар даярлау мәселесі айтылады. Ал электр энергиясын өндіретін жүйенің қалай жұмыс істейтіні көпшілікке бірдей түсінікті емес. Соның бірі – күнделікті өмірде 100 градуста қайнайтын судың реакторда әлдеқайда жоғары температурада сұйық күйін сақтауы.

330 градусқа қызған су неге қайнамайды

Мәди Азбергеновтің түсіндіруінше, судың қайнауы температураға ғана емес, қысымға да байланысты. Әдеттегі атмосфералық қысымда су шамамен 100°C-та қайнайды. Қысым артқан сайын оны қайнату үшін жоғарырақ температура қажет болады.

«Жауабы қысыммен байланысты. Біз судың 100 Цельсий градусында қайнауына үйренгенбіз, бірақ бұл тек атмосфералық қысымда ғана дұрыс. Қысым жоғарылаған сайын судың қайнау температурасы да артады. Дәл осы қағида қарапайым скороваркада (қысымды қазанда) қолданылады: оның ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан жоғары, сондықтан су толықтай буға айналмай, 100 градустан жоғары температураға дейін қыза алады. ВВЭР типті реакторларда бұл қағиданың принципиалды маңызы бар. Мысалы, ВВЭР-1200 реакторлық қондырғысында бірінші контурдағы қысым шамамен 16,2 МПа құрайды, ал жылу тасымалдағыштың температурасы 328,8 Цельсий градусына дейін жетуі мүмкін. Мұндай параметрлерде су сұйық күйде қалады, өйткені берілген қысымдағы судың қайнау температурасы оның жұмыс температурасынан жоғары. Мұнда бұл сумен не болатынын түсініп алу маңызды. Бірінші контурдағы су жылу тасымалдағыш рөлін атқарады: реактордың белсенді аймағы арқылы өтіп, ол ядролық отыннан жылуды алып кетеді. Қызған су бу генераторына түседі, содан кейін жылуды берген соң қайтадан реакторға оралады», – дейді ол.

Бұл – Мәди Азбергеновтің бірінші контурдың жұмысы туралы түсіндірмесі. Ол атаған 16,2 МПа қысым мен 328,8°C-қа дейінгі температура ВВЭР-1200 туралы «Росатом» жариялаған түсіндірмеде де көрсетілген. Бірінші контурды жылуды тасымалдайтын жабық айналым жүйесі деп түсінуге болады. Сорғылар суды реактор мен бу генераторы арасында айналдырады. Су ядролық отыннан алған жылуын беріп, қайтадан реакторға оралады.

Турбинаны айналдыратын бу қайдан алынады

ВВЭР реакторлық қондырғысында бірінші және екінші контурдың міндеті бөлек. Біріншісі реактордан жылуды алып кетсе, екіншісінде электр өндіруге қажетті бу түзіледі. Олардың арасындағы жылу алмасу бу генераторында жүреді.

«Ал егер реактордағы су қайнамаса, онда турбинаны айналдырып, соңында электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін бу қайдан алынады? Бу екінші контурда түзіледі. Бу генераторында бірінші контурдың ыстық суы арнайы түтіктердің ішімен өтіп, олардың металл қабырғалары арқылы екінші контурдағы суға жылу береді. Бұл ретте екі ағын бір-бірімен араласпайды. Екінші контурдағы қысым төменірек, сондықтан су төменгі температурада қайнап, буға айналады. Бұл бу турбинаға бағытталып, оны айналысқа келтіреді, ал турбина электр генераторын іске қосады. Осылайша, реактор мен электр энергиясы арасында түрленулердің тұтас тізбегі бар: ядролық отын жылу бөледі, бірінші контурдағы су оны белсенді аймақтан алып кетеді, бу генераторында бұл жылу екінші контурдың суына беріледі, түзілген бу турбинаны айналдырады, ал генератор электр энергиясын өндіреді. Бірінші контурда жоғары қысымды ұстап тұруға қысым компенсаторы көмектеседі. Ол жылу тасымалдағыштың температурасы мен көлемі өзгерген кезде қысымды реттеп отырады. Бұл үшін электр жылытқыштары мен су бүрку жүйесі қолданылады», – дейді инженер.

Инженердің айтуынша, бірінші контурдағы суды сұйық күйде ұстау ядролық отыннан жылуды тиімді әкету үшін қажет. Сондықтан ВВЭР қондырғысының жұмысын «реактордағы су қайнап, буы турбинаны айналдырады» деп түсіндіру жеткіліксіз.

Мұнда энергия бірнеше кезеңде түрленеді: ядролық отын жылу бөледі, су оны тасымалдайды, екінші контурда түзілген бу турбинаны айналдырады, ал генератор электр энергиясын өндіреді. Әр құрылғы осы тізбекте өз міндетін атқарады.

Сообщение 330 градус және жоғары қысым: атом реакторы қалай жұмыс істейді появились сначала на Tizgin kz.