Архивы кінә сезімі - Tizgin kz

Баланы тәрбиелеу мен ұялту – екі түрлі нәрсе: психолог түсіндірді
Қазақ отбасында «ұят болады» деген сөз тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Ата-аналар бұл тіркесті баланы тәртіпке шақыру, үлкенді сыйлауға және әдепті болуға үйрету мақсатында жиі қолданады. Алайда баланы тәрбиелеу мен оны ұялту арасында маңызды психологиялық айырмашылық бар. «Ұят болады» деген сөз баланың өзін қабылдауына қалай әсер етеді? Бұл туралы Tizgin.kz тілшісіне психоанализ бағытындағы психолог Камила Мергенбаева түсіндірді.

«Ұят болады» деген сөз баланың психикасына қалай әсер етеді

Қазақ отбасында «ұят болады» деген сөзді жиі естиміз. Ата-аналар бұл сөзді баланы тәртіпке шақыру, үлкенді сыйлауға, әдепті болуға үйрету үшін қолданады, бірақ біз кейде осы сөздің балаға қалай әсер ететінін ойлаймыз ба? Бала бір нәрсені дұрыс істемеген кезде оған «бұлай істеуге болмайды» деп түсіндірудің орнына «Ұят емес пе?», «Ел не дейді?», «Сен бізді ұятқа қалдырдың» деп жатамыз.

Психоанализ бағытындағы психолог Камила Мергенбаеваның айтуынша, мұндай сөздерді жиі естіген бала уақыт өте келе өзінің жасаған әрекетінен емес, тұтас болмысынан ұяла бастауы мүмкін.

«Бала бірте-бірте өз ойын ашық айтуға, сезімін білдіруге немесе қалауын жеткізуге қысыла бастайды, өйткені ол өзінің әрекеті дұрыс болмағанын ғана емес, өзін жаман адам ретінде қабылдауы мүмкін», – дейді Камила Мергенбаева.

Маман бұл мәселені психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фройдтың көзқарасы арқылы түсіндіреді.

Психоаналитик Зигмунд Фройд адамның балалық шағы оның кейінгі психикалық өмірінде қандай орын алатыны туралы зерттеген. 1905 жылы жарық көрген «Сексуалдылық теориясы туралы үш очерк» еңбегінде ол баланың психикалық дамуы ерте жастан басталатыны туралы жазған. Оның психоаналитикалық тұжырымдамасына сәйкес, баланың алғашқы сезімдері, қалаулары, қорқыныштары мен алған тәрбиесі оның кейінгі өміріне ықпал етуі мүмкін.

Психоанализдегі тағы бір маңызды түсінік – баланың біртіндеп ата-анасының талаптары мен тыйымдарын қабылдап, оларды өзінің ішкі ережелеріне айналдыруы. Мысалы, кішкентай бала белгілі бір әрекетті анасы рұқсат етпегендіктен жасамайды. Ал есейген сайын анасы жанында болмаса да, өзін сол әрекеттен тежей бастайды, өйткені ата-ананың айтқан сөздері мен қойған талаптары баланың ішкі дүниесінде белгілі бір орын алады.

«Бала үнемі «Ұят болады», «Ел не дейді?2, «Бізді ұятқа қалдырма» деген сөздерді естіп өссе, бірте-бірте өзінің қалауы мен сезімінен бұрын өзгелердің бағасына мән беруге үйренуі мүмкін. Біз баланың бойында қандай ішкі талаптар қалыптастырып жатқанымызды түсінуіміз керек», – дейді психолог.

Баланы тәрбиелеу мен ұялтудың айырмашылығы неде

Маманның айтуынша, балаға шектеу қою қажет, өйткені ол ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, өз әрекетінің салдарын және басқа адамдардың шекарасын түсінуді үйренуі керек, алайда баланы тәрбиелеу мен оны үнемі ұялту – екі түрлі нәрсе.

Мысалы, бала үйде бір затты сындырып алды делік.

Ата-анасы оған:

«Сенен түк шықпайды!»

«Қандай жаман баласың!»

«Сен үшін ұялам! Олақсың»

деп айтуы мүмкін.

Ал дәл осы жағдайды басқаша түсіндіруге болады:

«Бұл затты сындыруға болмайды. Енді не істей аламыз?»

«Келесіде абай болуға тырыса ғой».

«Қателесу қалыпты жағдай, бірақ өз әрекетімізге жауап беруді үйренуіміз керек».

«Екі жағдайда да балаға белгілі бір шектеу қойылып отыр, бірақ олардың психологиялық әсері әртүрлі. Бірінші жағдайда баланың тұлғасына теріс баға беріледі. Ал екінші жағдайда оның әрекеті талқыланып, жауапкершілік алуға мүмкіндік жасалады», – дейді Камила Мергенбаева.

Психологтың сөзінше, егер бала өзін үнемі кінәлі немесе өзгелердің алдында ұятты сезініп өссе, есейген кезде де айналасындағы адамдардың пікіріне шамадан тыс тәуелді болуы ықтимал. Мұндай адам біреудің көңілін қалдырудан қорқып, өз ойын ашық айтудан қашқақтауы немесе қажет кезде «жоқ» деуге қиналуы мүмкін. Дегенмен маман мұндай жағдай барлық балада бірдей қалыптаспайтынын атап өтеді. Баланың психологиялық дамуына отбасындағы қарым-қатынас, жеке ерекшеліктері және басқа да көптеген фактор әсер етеді.

Ұят пен кінә сезімі: бала нені түсініп өсуі керек

Психологияда ұят пен кінә сезімінің арасында маңызды айырмашылық бар. Кінә сезімі көбіне адамның жасаған нақты әрекетіне байланысты туындайды.

Мысалы:

«Мен досымды ренжітіп алдым. Енді одан кешірім сұрауым керек».

Ал ұят сезімі кей жағдайда адамның өзін тұтас теріс бағалауына әкеледі:

«Мен жаманмын».

«Менен ештеңе шықпайды».

«Мені ешкім жақсы көрмейді».

«Кінә сезімі адамға өзінің әрекетін түсініп, оны түзетуге мүмкіндік беруі мүмкін. Ал адам өзін тұтас жаман деп қабылдай бастаса, бұл оның өзіне деген сеніміне әсер етеді. Сондықтан балаға «Сен жамансың» деудің орнына «Сенің бұл әрекетің дұрыс болмады» деп түсіндіру маңызды», – дейді маман.

Психологтың айтуынша, бала өзінің қателігін түсініп, оны түзетуді үйренсе, бұл оның жауапкершілік сезімін дамытуға көмектеседі. Ал өзін үнемі жаман сезінетін бала өзіне сенімсіз болып өсуі мүмкін.

2025 жылы Child Development ғылыми журналында жарияланған зерттеуде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың балалардағы ұят және кінә сезімдерімен байланысы қарастырылған. Зерттеуде жылы қарым-қатынас пен баланың сезімдерін түсінудің маңыздылығы атап өтіледі, дегенмен ата-ананың әрбір сөзі баланың болашағын біржола анықтайды деуге болмайды. Баланың дамуы көптеген факторға байланысты.

Қазақ тәрбиесіндегі «ұят» ұғымынан бас тарту керек пе

Камила Мергенбаева қазақ халқының тәрбиесіндегі ұят ұғымының өзіндік орны бар екенін айтады. Үлкенді сыйлау, әдеп сақтау, өзгенің көңіліне қарау, отбасының абыройын ойлау – қазақы тәрбиедегі маңызды құндылықтар. Маманның пікірінше, мәселе бұл құндылықтардан бас тартуда емес, оларды балаға қалай жеткізетінімізде.

Мысалы, бала өз пікірін айтқанда:

«Үлкендерге қарсы сөйлеме, ұят болады» дейміз.

Жылағанда:

«Жылама, сен үлкенсің»  деп тоқтатамыз.

Бір нәрседен қорыққанда:

«Қорқатын несі бар?» деп оның сезімін елемей қалуымыз мүмкін.

«Балаға кейде өзінің сезімін түсінетін ересек адам қажет. Ол ата-анасының алдында қателесуге болатынын, өз ойын айтуға құқығы бар екенін, бір нәрсені қаламауға да болатынын сезінуі маңызды. Бұл баланы шектеусіз өсіру деген сөз емес», – дейді психолог.

Маман баланы қорқыту, кемсіту немесе ұялту арқылы емес, түсіндіру және өзара сыйластық арқылы тәрбиелеуге назар аударуға шақырады, өйткені баланың тәртіпті болуы мен өз пікірін еркін жеткізе алуы бір-біріне қайшы келмейді.

«Тәрбие – баланы үнсіз қалдыру емес»

Психологтың айтуынша, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оның өзін қалай қабылдап өсетіні. Әрбір ата-ана баласының тәртіпті, тәрбиелі, үлкенді сыйлайтын адам болғанын қалайды, бірақ сонымен бірге баланың өз ойын ашық айта алатын, сезімін түсінетін және қажет кезде «жоқ» деп айта білетін тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау қажет.

«Біз кейде «Ұят болады» деп баланы өзгелердің пікірінен қорқуға үйретіп алуымыз мүмкін. Ал шын мәнінде оған өз әрекетін түсінуді, жауапкершілік алуды және айналасындағы адамдарды құрметтеуді үйрету маңызды», – дейді Камила Мергенбаева.

Маман ата-аналарға баламен сөйлескенде үйреншікті сөздердің орнына басқа сұрақтарды қолданып көруге кеңес береді:

«Неге бұлай істедің?»

«Сен қазір не сезініп тұрсың?»

«Бұл жағдайды қалай шешуге болады?»

«Келесі жолы басқаша не істеуге болады?»

Мұндай сұрақтар баланың өз әрекеті туралы ойлануына, сезімін түсінуіне және жауапкершілік алуды үйренуіне көмектесуі мүмкін.

«Тәрбие дегеніміз – баланы ұялтып, үнсіз қалдыру емес. Тәрбие – балаға өзін де, өзгені де түсінуді үйрету. Біз баланың адамдардан қорқып емес, өз әрекетін саналы түрде түсініп өскенін қалауымыз керек», – деп түйіндеді психоанализ бағытындағы психолог Камила Мергенбаева.

Сообщение Баланы тәрбиелеу мен ұялту – екі түрлі нәрсе: психолог түсіндірді появились сначала на Tizgin kz.