Архивы жеңімпаз - Tizgin kz

Азия пара ойындары аяқталды: ұлттық құраманың нәтижесі
Жапонияның Нагоя қаласында V Азия пара ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасы құрлықтық додада 50 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға ие болды, деп хабарлайды Tizgin.kz Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды

18–24 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен V Азия пара ойындары ресми түрде аяқталды.

Бір аптаға созылған халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар 50 медаль иеленді. Оның ішінде:

12 алтын медаль;

16 күміс медаль;

22 қола медаль.

Осы нәтижемен Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық медальдар кестесінде тоғызыншы орынға тұрақтап, үздік он елдің қатарына енді.

Айта кетейік, қазақстандық параспортшылар алдыңғы Азия пара ойындарымен салыстырғанда нәтижесін жақсартты. 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жарыста ұлттық құрама 41 медаль, оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл жолы алтын медаль санын төртке, ал жалпы жүлде санын тоғызға арттырды.

Жапониядағы жарысқа Қазақстаннан 150 спортшы қатысты

V Азия пара ойындарында ел намысын 12 спорт түрінен 150 спортшы қорғады. Қазақстандық спортшылар парадзюдо, паравелоспорт, паражүзу, парапауэрлифтинг, паражеңіл атлетика, паратаэквондо, нысана көздеу, садақ ату, үстел теннисі, бочча, арбамен теннис және отырып ойнайтын волейболдан бақ сынады.

Ұлттық құрама ең көп медальды парадзюдодан жеңіп алды. Бұл спорт түрінде қазақстандықтар 13 жүлдеге қол жеткізді. Оның бесеуі алтын, біреуі күміс және жетеуі қола медаль. Сонымен қатар, Қазақстан парадзюдодан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Паражүзуден отандық спортшылар 10 медаль, ал паравелоспорттан 9 медаль еншіледі. Осылайша, Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен V Азия пара ойындарын 50 жүлдемен қорытындылап, құрлықтағы үздік он құраманың қатарынан орын алды.

Сообщение Азия пара ойындары аяқталды: ұлттық құраманың нәтижесі появились сначала на Tizgin kz.

V Азия Параойындары: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
Қазақстандық паражүзуші Диас Кенжебек Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын орнатты. Спортшы 100 метрге шалқалап жүзу сайысында жапониялық қарсыластарын басып озып, бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстандық спортшы Азия рекордын жаңартты

20 қазанда Диас Кенжебек ерлер арасындағы S10 санатында 100 метрге шалқалап жүзуден финалдық жарысқа қатысты.

Қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 1 минут 1,98 секундта жүзіп өтіп, бірінші орынға ие болды және Азияның жаңа рекордын орнатты.

Бұған дейінгі құрлықтық рекорд 1 минут 3,73 секунд болған. Осылайша, Кенжебек бұрынғы көрсеткішті 1,75 секундқа жақсартты.

Күміс медальді 1 минут 5,13 секунд нәтиже көрсеткен жапониялық Акито Мина жеңіп алды. Ал қола жүлде 1 минут 7,64 секундта мәреге жеткен тағы бір жапониялық спортшы Юмето Идоға бұйырды.

Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті

Диас Кенжебектің жеңісі Қазақстан құрамасына V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медальді әкелді.

Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп қана қоймай, құрлықтық рекордты жаңартып, финалдық жарыста үздік нәтиже көрсетті.

Жарыс Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатыр. Онда Азия елдерінің спортшылары параспорттың түрлі дисциплиналары бойынша жүлделерді сарапқа салуда.

Сообщение V Азия Параойындары: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды появились сначала на Tizgin kz.

Туғаннан зағип қазақстандық жүлделі пианист баспанасыз жүр
Көзіне әлемнің жарығы түспесе де, жүрегі мен саусақтары музыкаға жол тапқан астаналық жас пианист Абылай Мұстафин Лондонда 35 елдің өнерпаздары бақ сынаған Golden Time Talent халықаралық байқауында топ жарып, «Фортепиано» номинациясында бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Туа біткен көру қабілетінің жоқтығына қарамастан, ноталарды көрмей-ақ, шығармаларды есту және есте сақтау арқылы меңгеріп, биыл мектеп пен музыкалық мектепті «қызыл аттестат» және «қызыл дипломмен» тәмамдап, Қазақ ұлттық өнер университеті Күләш Байсейітова атындағы колледжіне мемлекеттік грантпен оқуға түскен өнерпаз өз әсерімен бөлісті,

Мүмкін емес нәрсені мүмкін етті

Абылай туғаннан бері көзі мүлдем көрмейді, тіпті жарықты да ажырата алмайды. Брайль әліпбиімен оқып, жазады. Ноталарды есту және есте сақтау арқылы үйренген. Биыл №10 гимназияны «қызыл аттестатпен», ал Роза Бағланова атындағы музыкалық мектепті «қызыл дипломмен» аяқтаған.

Ол 35 елден келген өнерпаздар арасындағы бәсекеде топ жарып, мүмкін емес нәрсенің мүмкін екенін дәлелдеді.

«Байқауға қатысушылардың көздері көреді. Олар пианинода ойнап отырғанда нотаны көріп отырады, сондықтан кез келген шығарманы бірден ойнап кете алады. Ал мен бәрін жаттап үйренемін. Әр шығарманы музыка пәнінің мұғалімімен бірге есту арқылы тыңдап, жаттап аламын. Менің репертуарым шектеулі: қанша шығарма үйренсем, соншасын ғана ойнай аламын, бірақ мен де дайындыққа өзгелерден кем емес ынтамен әрі мұқият дайындалдым», – дейді ол.

«Бүкіл әлем мен үшін тоқтап қалғандай болды»

Лондон қаласында өткен Golden Time Talent халықаралық байқауының «Фортепиано» номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп алған жас талант алған әсерімен бөлісті.

«Мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты пианистермен танысып, олармен бірге Корольдік Музыка Академиясының сахнасында өнер көрсеткеніме зор әсер алдым. Бұл байқау маған бір сәтке болса да бәрімен бірдей екенімді сезінуге мүмкіндік берді: мен роялдің алдына отырғанда бүкіл әлем мен үшін тоқтап қалғандай болды: ноталарды көрмей, шығарманы жатқа ойнағаным маңызды емес еді. Мен музыкаға еніп, мұғаліммен бірге өткен жаттығуларымдағыдай ойнадым. Өнерімнен кейін залдағы тыңдаушылар – байқаудағы жолдастарым мен қазылар алқасы ду қол шапалақтап, зор қолдау көрсетті. Сол сәтте мені  бүкіл әлем қабылдағандай сезіндім», – дейді Абылай Мустафин.

Лондондағы Қазақстан елшілігі Абылайды шайға шақырды

Байқаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден Лондондағы Қазақстан Елшілігі Абылай мен анасын шайға шақырған.

«Бұл менің Лондондағы соңғы күнім еді. Сол күні мен Chessington World of Adventures саябағына баруды жоспарлаған едім. Лондонда ыстық болғандықтан, анаммен қаладан шығып, серуендегіміз келді. Бұл саябақ су сырғанақтарымен танымал, олар менің диагнозым бар балаларға да лайықталған. Менің диагнозым – көздегі торлы қабықтың сылынуы және шала туылған нәрестелердің 5-дәрежелі ретинопатиясы. Елшілікке шақырылғанымызды білген соң, біз жоспарымызды өзгертіп, 125 Pall Mall мекенжайына бардық. Елшілікте мені жылы қарсы алып, көптеген игі тілектер айтты, ескерткіш мүсінше мен «Қазақстан» шоколадын сыйға тартты. Ризашылығымды білдіру үшін мен Латиф Хамиди, Сәбит Мұқанов және Күләш Байсейітованың «Қазақ вальсі» әнін орындадым. Бұл сапар менің жүрегімде ұзақ сақталады», – дейді ол.

Лондондағы жеңістен кейін Абылай мен анасы баспанасыз қалды

Аталған байқауда топ жарып, бірінші орын алған Абылай Астанаға анасымен бірге қайтып оралған кезде күйзеліске түскен, себебі соңғы 5 жылда жалдап тұрып жатқан пәтерден шығарып тастаған.

«Анам екеуміз 35 градус аптап ыстықта Астананың түкпір-түкпірін шарлап, өзімізге қолайлы пәтер іздедік. Өкінішке қарай, тапқан пәтерлеріміздің барлығының жалдау ақысы 170 000 теңгеден жоғары болып шықты. Ал біздің бюджетіміз – 140 000 теңге», – дейді ол.

Threads-тегі оқырман бір жылға пәтерге тұруды ұсынды

Қуанышқа орай, Threads желісіндегі мейірімді оқырмандардың бірі Абылай мен анасын  өз пәтеріне бір жылға тұруға ұсыныс жасаған. Бір жерден екінші жерге көшіп, қарбалас жүрген Абылай оқуға түсу үшін емтихан тапсырып үлгерген.

«Мен Қазақ ұлттық өнер университеті Күләш Байсейітова атындағы колледжіне «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша білім алуға мемлекеттік грант иелендім. Бұл мамандықтың біліктілігі – эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы», – дейді ол.

Сообщение Туғаннан зағип қазақстандық жүлделі пианист баспанасыз жүр появились сначала на Tizgin kz.

5 оқушы – 5 алтын: Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадада рекорд жаңартты
Қазақстандық оқушылар физикадан әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада – International Physics Olympiad (IPhO) додасында ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, құраманың барлық 5 мүшесі де алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет физикадан Халықаралық олимпиадада 5 оқушы да алтын медаль жеңіп алды. Мұндай жетістік ешқандай пәннен, ешқашан болмаған. Қазақстандық оқушылар Қытай, АҚШ секілді мемлекеттерді артқы тастап, оза шапты.

Былтыр өткен осы олимпиадада ел қоржыны 2 күміс, 3 қоламен толыққан болатын.

Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары: Нұргүл Егенбергенова (Астана), Роман Черемнов (Алматы), Ілияс Қазымбек (Астана), Әмірбек Азатбеков (Астана), Дамир Құрман (Алматы).

«Бес оқушы. Бес алтын. Балаларымыз әлемнің ең үздік жас физиктерінің қатарында! Осындай жеңімпаздарды, ата-аналарын, ұстаздарын телеканалдарға, подкасттарға, сұхбаттарға жиі шақыру керек. Олар–бүгінгі күннің қаһармандары. Спорттағы жеңістерді жақсы дәріптейміз. Бұл –дұрыс, бірақ ғылым мен білімдегі осындай тарихи жеңістер де дәл сондай құрмет пен назарға лайық. Балаларымыздың ғалым, инженер болуын қаласақ, алдымен соларды елге үлгі етуіміз керек», – деп жазды экс-депутат Асхат Аймағамбетов.

Сообщение 5 оқушы – 5 алтын: Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадада рекорд жаңартты появились сначала на Tizgin kz.