Архивы жеке куәлік - Tizgin kz

Риддерде 61 жасына дейін КСРО паспортымен жүрген тұрғынның жеке куәлігі жаңартылды
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 61 жастағы тұрғын осы уақытқа дейін Кеңес Одағы кезінде берілген паспортты пайдаланып келген. Көші-қон қызметінің мамандары тиісті тексерулер жүргізгеннен кейін ер адамға Қазақстан азаматтығын растайтын жеке куәлік табысталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Риддер қаласының тұрғыны Евгений Федоров осы күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген. Кеңес одағының тарағанына 35 жылға жуық уақыт өтсе де, ер адам Қазақстан азаматының жеке куәлігін алмаған. Бұл жағдайға байланысты Риддер қалалық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тиісті жұмыстар жүргізген. Мамандар азаматтың құжаттарын тексеріп, қажетті мәліметтерді анықтау үшін мемлекеттік органдарға ресми сұраулар жолдаған.

Тексеру нәтижесінде ер адамның жеке басына қатысты қажетті деректер нақтыланып, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін рәсімдеуге мүмкіндік туған.

Қазақстан азаматының жеке куәлігі табысталды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, көші-қон қызметінің мамандары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 61 жастағы тұрғынға жаңа жеке куәлік берілген.

«Қазан айының соңында Евгений Федоров Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қолына алды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Осылайша, Риддер тұрғыны ұзақ жылдар бойы пайдаланып келген кеңестік паспорттың орнына Қазақстан Республикасының қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжатын алды. Әзірге ер адамның неліктен осы уақытқа дейін жеке куәлік рәсімдемегені және КСРО паспортын қандай жағдайларда пайдаланып келгені туралы қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Сообщение Риддерде 61 жасына дейін КСРО паспортымен жүрген тұрғынның жеке куәлігі жаңартылды появились сначала на Tizgin kz.

Түркияға жеке куәлікпен саяхаттау мүмкін болады
Түркия Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің халқына өзара саяхатта төлқұжаттың орнына тек жеке куәлікпен ғана жүріп-тұруға мүмкіндік беретін жобаны іске асыру қадамдарын жалғастыруда. Бұл туралы Анадолы агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Түркия астанасында Анкара қаласының «2026 жылғы Түркі әлемінің туристік астанасы» болып жариялануына орай Техникалық қолдау бағдарламасына қол қою шарасы өтті.

Оның барысында Түркі әлеміндегі интеграцияны жаңа деңгейге көтеретін маңызды бастамалар таныстырылды.

Түркияның Әділеттілік және даму партиясы төрағасының орынбасары — Түркі мемлекеттерімен байланыс басқармасының төрағасы Күршад Зорлудың айтуынша, түркі мемлекеттерінен Түркияға туристер ағыны 3,5 миллионға жуықтайды. Өз кезегінде Түркиядан саяхаттап баратын халық саны 1 миллионнан сәл асып жығылады.

«Біз бұл көрсеткіштерді арттыруымыз қажет. Өйткені туризм – тек экономикалық мәселе емес. Ашылған бағыттар мен сол жолдар бойындағы мәдени көпірлер арқылы 300 миллионға жуық халқы бар тұтас түркі дүниесін, әсіресе жастардың, тарихымызды және бай мұрамызды танып-білгенін қалаймыз», – деді ол.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері халқына өзара сапарда жеке куәлікпен ғана жүріп-тұруға мүмкіндік беретін – Turkic ID жобасы жөнінде алғаш рет 2026 жылғы 15 мамырда Түркістанда өткен ТМҰ-на мүше елдер басшыларының бейресми саммитінде айтылған болатын. Жеке куәлікпен саяхаттау тәжірибесі бүгінде Қазақстан мен Қырғызстан, Қырғызстан мен Өзбекстан, Түркия мен Әзербайжан арасында тек екіжақты форматта қолданылып отыр.

Күршад Зорлу атап өткендей, «ID-карта» (жеке куәлік) бастамасы толық жүзеге асқан жағдайда түркі елдерінің азаматтары Түркияға төлқұжатсыз кіре алатын болады және қазір бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мақсат – туризмді дамыту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және гуманитарлық байланыстарды нығайту.

Сондай-ақ, Түркия Түркі әлемінің бірыңғай музей картасын әзірлеу жұмыстарын да аяқтады.

Осы және өзге де интеграция мәселелері биылғы 29 қазан күні Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының саммитінде талқыланады деп күтіледі.

Кейін, қараша айында Анталияда өткізу жоспарланған Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында да түркі мемлекеттерінің арнайы отырысын ұйымдастырып, онда бірлескен экологиялық және өзге де өңірлік жобаларды талқылау көзделген.

Сообщение Түркияға жеке куәлікпен саяхаттау мүмкін болады появились сначала на Tizgin kz.