Архивы интеграция - Tizgin kz

Биыл Қазақстан қандай халықаралық жиындарға алаң ұсынды
2026 жылы Қазақстанда экология, экономикалық интеграция, цифрлық технологиялар және қауіпсіздік мәселелеріне арналған бірнеше ірі халықаралық кездесу өтті. Астанаға Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік іскер топтар жиналды. Жыл ішіндегі негізгі іс-шаралардың күн тәртібі өңірлік мәселелерден бастап жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалануға дейінгі тақырыптарды қамтыды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Экология және Арал мәселесі

22 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Моңғолия және Грузия президенттері қатысты. Әзербайжан атынан Премьер-министр Али Асадов келді. Саммит жұмысына БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдері де қатысты.

БҰҰ және өзге халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған жиынның негізгі тақырыбы Орталық Азияның экологиялық мәселелері болды. Қатысушылар экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, оларды қалпына келтіру және бірлесіп пайдалану, өңірдің биоалуантүрлілігін сақтау мәселелерін талқылады. Саммит аясында RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі де ұйымдастырылып, онда Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жасыл энергетика және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жобаларын таныстырды.

БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуан осы жиында Экологиялық саммиттің мәнін ашатын сөз айтты.

“Жаһандық шешімдер өңірдің нақты жағдайына сүйеніп, берік халықаралық ынтымақтастықпен бекітілуі керек. Тұрақты даму бейбітшілікке, орнықтылыққа және баршаға ортақ өркендеуге бастайтын жол болып қала береді. Ол үшін 2030 жылға дейінгі мақсаттарға жетудегі алшақтықты қысқарту бағытында міндеттемелерді жаңартып, инвестиция көлемін арттыру қажет”, – деді Ли Цзюньхуа.

Осы күні Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекет басшылары кеңесінің отырысы да өтті. Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары қатысты. Қазақстан Президенті жиында Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды жақсарту және аймақ елдерінің бірлескен жұмысын жалғастыру мәселелерін көтерді. Осылайша, бір күнде Қазақстан екі маңызды өңірлік форматқа алаң ұсынды: бірі экологиялық күн тәртібін кеңінен қамтыса, екіншісі Арал мәселесіне арналды.

Еуразиялық экономикалық одақтың кездесулері

28-29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтті. Оған ЕАЭО елдерінің басшылары мен делегация жетекшілері қатысты. Форум аясында цифрлық шешімдер мен озық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға Қазақстанның Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance және Smart Cargo+Keden жобалары таныстырылды.

29 мамырда Қазақстан Президентінің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Жиында одаққа мүше және бақылаушы мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар бас қосты. Келіссөздердің негізгі тақырыптары экономикалық интеграция, өзара сауда, ішкі нарықтағы кедергілерді азайту және одақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.

Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект

1 қазанда Астанада “AI & Digital Bridge – 2026” халықаралық форумы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумдағы сөзінде бұл алаңның Еуразиядағы технологиялық басқосулардың біріне айналғанын айтты. Жиынға технология саласының мамандары, кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылар қатысып, жасанды интеллект, цифрлық шешімдер және жаңа жобаларды іске қосу мәселелерін талқылады.

23 қазанда Астанаға NVIDIA негізін қалаған Дженсен Хуанг корпорация президенті ретінде келді. Оның сапары Қазақстанның жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларымен тұспа-тұс келді. Бұл бағыттағы ірі келісімдер бұған дейін, 15 маусымда жасалған болатын. Үкімет пен америкалық Firebird компаниясы жалпы құны 10 млрд доллар болатын AI-инфрақұрылым жобалары бойынша келісімдер пакетіне қол қойған. Оның ішінде Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру және Екібастұздағы Data Center Valley жобасын бірлесіп іске асыру қарастырылған. Жоба елде жоғары өнімді есептеу қуаттарын, деректерді өңдеу орталықтарын және жасанды интеллект сервистерін дамытуға бағытталған.

6 қарашада Астанада Ақаба процесінің «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбындағы саммиті ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Президенті, Иордания Королі ІІ Абдалла, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты. Әзербайжан, Қырғызстан өкілдері де жиынға қатысты.

Сообщение Биыл Қазақстан қандай халықаралық жиындарға алаң ұсынды появились сначала на Tizgin kz.