Архивы дизель отыны - Tizgin kz

ҚТЖ-ның дизель отынын сатып алуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы құрылымдары дизель отынын сатып алған келісімшарттарға байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Іс аясында жанармай жеткізуші Silk Way Petroleum компаниясының қызметі де назарға алынған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Келісімшарттағы баға күрт қымбаттады ма

SHYNDYK.KZ басылымы мәліметінше, қылмыстық іс биыл 21 сәуірде алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған аса ірі мөлшердегі жымқыру белгілері бойынша тіркелген.

Басылым редакциясына түскен материалдарға сәйкес, тергеу ҚТЖ құрылымдарына дизель отынын жеткізу кезінде жасалған келісімшарттардың мән-жайын зерттеп жатыр. Атап айтқанда, келісімдердегі бағаның негізсіз көтеріліп, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің талаптары сақталмағаны туралы болжам бар.

Залал көлемі 10 млрд теңгеге жуықтайды

Алдын ала мәліметке сәйке, келтірілген залал көлемі 9,34 млрд теңгеге жеткен.

Қылмыстық іс аясында ҚТЖ-ның еншілес ұйымдары мен «Самұрық-Қазына» қорының лауазымды тұлғалары ұсталған көрінеді.

Тергеу назарындағы компаниялардың бірі – ҚТЖ құрылымдарына дизель отынын жеткізген Silk Way Petroleum ЖШС. Қазір іс бойынша нақты құқық бұзушылықтардың болған-болмағаны, оған кімдердің қатысы бар екені және ықтимал залалдың нақты мөлшері анықталуға тиіс.

Silk Way Petroleum құрылтайшылары туралы не белгілі

Бұл іске қатысты назар аудартатын тағы бір мәселе – жанармай жеткізуші компанияның құрылтайшылық құрылымы. Контрагенттерді тексеруге арналған Adata сервисі мәліметінше, Silk Way Petroleum ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы – «Топливно-энергетический комплекс – Казахстан» сауда үйі ЖШС.

Ал аталған компанияның құрылтайшылары қатарында «Қамқор Менеджмент» ЖШС мен жеке тұлға көрсетілген.

SHYNDYK.KZ мәліметінше, «Қамқор Менеджмент» ЖШС құрылтайшылары қатарында Тимур Құлыбаевтың төңірегіндегі адамдармен байланысы бар деп көрсетілетін Joint Technologies ЖШС бар. Сонымен қатар «Қамқор Менеджмент» компаниясының корпоративтік сайтында бас директор ретінде Диас Сүлейменов, ал оның орынбасары ретінде Әлібек Құлыбаев көрсетілген.

Сообщение ҚТЖ-ның дизель отынын сатып алуына қатысты қылмыстық іс қозғалды появились сначала на Tizgin kz.