Архивы чемпионат - Tizgin kz

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді
Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі аясында Астанада 2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионатын (IESF World Esports Championship 2027) өткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Салтанатты рәсімнің басты оқиғаларының бірі – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF) және Қазақстан киберспорт федерациясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат халықаралық киберспортты дамытуға және әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге бағытталған тараптардың стратегиялық әріптестігін жаңа деңгейге көтереді.

Сонымен қатар, Қазақ ұлттық спорт университеті мен Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF) арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Аталған құжат мамандарды бірлесіп даярлауға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және киберспорт саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.

2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін цифрлық спорт саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналмақ. Чемпионатқа әлемнің ондаған елінен ұлттық құрамалар, киберспорт индустриясының жетекші өкілдері, халықаралық спорт федерациялары, білім және ғылым саласының мамандары мен технологиялық компаниялардың өкілдері қатысады.

«2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы келісімге қол қойылуы – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік киберспорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Біз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға, инновацияларды қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұстанымын жоғары бағалаймыз. Қазақстан бұл әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізіп, болашақ спортшылар мен сала мамандары үшін құнды мұра қалдырады деп сенемін», – деді Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску.

Әріптестікті нығайта түсетін маңызды жайттардың бірі – Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылтайшысы Нұрасыл Медеудің Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF) департаментінің директоры қызметін атқаруы. Бұл университет пен киберспорт саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі арасындағы өзара байланысты одан әрі күшейтуге ықпал етеді. Мұндай институционалдық ынтымақтастық бірлескен білім беру бастамаларын, академиялық алмасу бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, Қазақстанда киберспорт саласындағы заманауи құзыреттер орталығын қалыптастыруға негіз қалайды.

Қол қойылған келісімдер Қазақстанның спорт, білім беру және цифрлық технологиялар салаларындағы халықаралық беделін нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытын айқындай түседі. Ал 2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионатын өткізу еліміздің жаһандық киберспорт кеңістігіндегі орнын күшейтіп, халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін маңызды белес болмақ.

Сообщение 2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда тағы бір спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді
Елордада күрес түрлерінен 2026 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл – Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделі мен ірі жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру әлеуетін айқындайтын маңызды шешім, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Олимпиада бағдарламасына енген күрес түрлерінен әлем чемпионатын елімізде өткізу туралы шешімді халықаралық Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы қабылдады. UWW өкілдері Қазақстанға бірнеше мәрте арнайы келіп, елдегі спорт инфрақұрылымының халықаралық талаптарға сәйкестігін, ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін және дайындық деңгейін жан-жақты бағалады. Нәтижесінде ұйым Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігіне көз жеткізіп, әлем чемпионатын қабылдау құқығын елімізге сеніп тапсырды.

Сондай-ақ былтыр Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович Қазақстанға ресми сапармен келіп, елордадағы спорт нысандарын аралаған еді. Сапар барысында ол Астанадағы спорт кешендерінің халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды өткізуге толық әлеуеті бар екенін атап өткен-ді.

Жалпы күрес түрлерінен әлем чемпионатын өткізу – отандық спорт саласы үшін үлкен жетістік. Бұл айтулы дода Қазақстандағы күрес спортын одан әрі дамытуға, жас буынның спортқа қызығушылығын арттыруға және халықаралық деңгейдегі тәжірибені кеңейтуге жаңа серпін береді.

Сонымен қатар әлем чемпионаты Қазақстанның спорт саласындағы әлеуетін жаһандық деңгейде танытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің жағымды имиджін күшейтуге ықпал етеді.

Әлемдік деңгейдегі беделді дода 24 қазан мен 1 қараша аралығында ұйымдастырылады. Жаһанның үздік палуандары бас қосатын байрақты бәсеке елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Сообщение Қазақстанда тағы бір спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді появились сначала на Tizgin kz.