Архивы BilimClass - Tizgin kz

Үздік баға үшін оқушыларға неге ақша төленбей қалды
Мектеп оқушыларының үздік бағалары үшін берілетін кешбэкке қатысты жаңа талап енгізілді. Freedom Bank 8 қазаннан бастап BilimClass электронды журналы бойынша бонус есептеу шарттарын өзгерткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқушыларға ақша неге түспей қалған

Әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі баласына үздік бағалары үшін бұрын беріліп келген кешбэктің тоқтағанына шағымданған. Әйелдің айтуынша, баласы сабақтан тұрақты түрде жоғары баға алғанымен, банк бонус есептеуді доғарған.

Freedom Bank өкілдері мұның себебін BilimClass бағдарламасының жаңартылған талаптарымен түсіндірді.

Банк мәліметінше, 8 қазаннан бастап үздік бағалар үшін кешбэк алу мүмкіндігін іске қосу үшін ата-ана немесе оқушы соңғы 30 күн ішінде кемінде 100 теңгеге сатып алу операциясын жасауы тиіс.

Бұл ретте кез келген төлем есепке алынбайды. Банк кешбэк алу шартын орындау үшін мына операцияларды ғана ескереді:

Freedom Bank картасымен дүкендерде немесе интернет арқылы сауда жасау;

Freedom SuperApp қосымшасындағы серіктес сервистер арқылы төлем жүргізу;

Банктің POS-терминалдары арқылы QR-кодпен төлем жасау.

Яғни, оқушы үздік баға алған күннің өзінде, аталған талап орындалмаса, кешбэк есептелмеуі мүмкін.

Қандай төлемдер есепке алынбайды

Банк өкілдері мобильді қосымша арқылы жасалатын барлық төлем кешбэк алу мүмкіндігін іске қоспайтынын ескертті. Атап айтқанда, ұялы телефон теңгерімін толтыру, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау және ақша аударымдары жаңа талапты орындауға жарамайды.

«Назар аударыңыз, қосымшадағы әдеттегі төлемдер, мысалы, ұялы телефон теңгерімін толтыру, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау және ақша аударымдары кешбэк алу мүмкіндігін іске қосу үшін есепке алынбайды», – деп түсіндірді банктен.

Егер ата-ана немесе оқушы барлық талапты орындағанына қарамастан, үздік бағалар үшін кешбэк түспесе, Freedom Bank банктің Instagram желісіндегі ресми парақшасына хабарласуды ұсынады.

Сообщение Үздік баға үшін оқушыларға неге ақша төленбей қалды появились сначала на Tizgin kz.

BilimClass: Қазақстан мектептері жаңа электрондық журналға көшіп жатыр
Қазақстанның 13 өңіріндегі мектептер отандық тегін BilimClass электрондық журналына көшсе, Астана қаласының білім ордаларында бұл жүйе пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

BilimClass платформасының 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қолданушылар деректер қауіпсіздігін, бірыңғай цифрлық ортада жұмыс істеудің ыңғайлылығы мен жарнаманың болмауын жоғары бағалайды. Сауалнама Астана, Алматы қалалары мен Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының мұғалімдері мен ата-аналары арасында жүргізілген.

Мұғалімдердің жүктемесін азайту

BilimClass платформасының басты мақсаттарының бірі – мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, бірізді процестерді автоматтандыру. Платформада педагогтер тек ыңғайлы электрондық журналға ғана емес, сонымен қатар білім беру контентіне, терең сараптама мен пайдалы құралдарға қол жеткізе алады. Мысалы, сауалнамаға қатысқан Астана мұғалімдерінің 76%-ы және Батыс Қазақстан облысы педагогтерінің 79%-ы BilimClass-қа көшкелі жұмыс сапасы едәуір жақсарғанын атап өткен. Жазбаша пікірде мұғалімдер есеп берудің, сабақ кестесін қадағалаудың және БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін талдаудың әлдеқайда оңай бола түскеніне тоқталған.

Отандық өнім және деректер қауіпсіздігі

Сауалнамаға қатысушылар BilimClass-тың басты артықшылықтарының бірі ретінде жүйеде отандық білім беру жүйесінің ерекшеліктері ескерілгенін және оны қазақстандық IT мамандардың жасап шыққанын атаған. Электрондық журналдың серверлері Қазақстанда орналасқан, ал платформадағы ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау деңгейі Мемлекеттік техникалық қызметтің сертификатымен расталған. Павлодар облысындағы ата-аналардың 63%-ы мен мұғалімдердің 50%-ы отандық әзірлеме болғандықтан BilimClass-қа ең жоғары баға берген. Бұл пікірге алматылық мұғалімдердің 52%-ы мен ата-аналардың 62%-ы да қосылған.

Бірыңғай цифрлық кеңістік

Оқу процесін ұйымдастыру көптеген ресурсты қажет етеді. Сондықтан бұрын мектептер бір-бірімен байланыспайтын әртүрлі сервистерді қолдануға мәжбүр болатын. Бұл жиі түсініспеушілік тудырып, деректердің қате енуіне ықпал ететін, сонымен қатар мұғалімдерге артық әкімшілік жұмысты жүктейтін. Қолданушылардың пайымдауынша, BilimClass жүйесінің ең басты артықшылығы – білім беру процесіне қатысушы барлық тараптың бір жүйеде жұмыс істеуі.

Мектептер мен мұғалімдер платформадан жұмысқа қажетті барлық құралды алса, ата-аналар баланың үлгерімі туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізеді. Мәселен, Павлодар облысында жүргізілгентсауалнама нәтижесі көрсеткендей, ата-аналардың 67%-ы жүйенің арқасында баланың күнделікті бағасын, үй тапсырмасы мен сабақ үлгерімін қадағалау әлдеқайда нәтижелі әрі ыңғайлы бола түскенін жеткізген.

Жарнаманың және мәжбүрлі ақылы қызметтердің болмауы

Сауалнамаға қатысқан барлық өңірде қолданушылар жарнама мен мәжбүрлі ақылы қызметтердің болмауын жоғары бағалаған. Бұл артық кедергісіз, тек оқу процесіне ғана назар аударуға жағдай жасайды дейді олар. Осы критерий бойынша Астанадағы мұғалімдердің 98%-ы мен ата-аналардың 87%-ы BilimClass-қа ең жоғары баға берсе, алматылық мұғалімдердің 81%-ы, ал ата-аналардың 76%-ы осы пікірге қосылған.

Айта кетсек, платформа білім беру процесінің барлық қатысушысы үшін толықтай тегін. Оның үстіне, BilimClass-пен бірге қолданушылар ТМД бойынша ең ірі цифрлық білім беру контент қоры – BilimLand-ке, ҰБТ-ға дайындалуға арналған iTest платформасына және бастауыш сыныптарға арналған видеосабақтар жинақталған iMektep жүйесі сияқты пайдалы өнімдерге қол жеткізе алады.

Сообщение BilimClass: Қазақстан мектептері жаңа электрондық журналға көшіп жатыр появились сначала на Tizgin kz.