Архивы Азаттық - Tizgin kz

Instagram Азаттықтың ресми парақшасын бұғаттады
Азаттық басылымының Instagram желісіндегі ресми парақшасы ашылмай қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Азаттық радиосының Instagram-дағы парақшасы бұғатталып қалды. Аккаунт иесіне: “Сіздің аккаунтыңыз Instagram-дағы адамдарға көрінбейді және өзіңіз оны қолдана алмайсыз” деген жазу шығады.

Басылымның жазуынша, әлеуметтік желі әкімшісі Азаттық аккаунты не іс-әрекеті “интеллектуалдық меншікті қолдану ережелерін бұзды” деп қорытынды жасаған. “Біздің технологияның ұйғаруы бойынша, аккаунтыңыз не ондағы іс-әрекетіңіз біздің ережеге сәйкес келмейді. Сондықтан командамыздың мүшесі шара қолданды” делінген ескертуде.

Азаттықтың Instagram-дағы парақшасында Қазақстанның және әлемнің қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалар қамтылады, онда Азаттықтың эксклюзив материалдары және ақпарат агенттіктерінің, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларының аудио-видео материалдары пайдаланылады. Парақшаның 784 мың жазылушысы бар.

Азаттық Instagram-ның бұл шешіміне келіспей, шағым түсірді. Әзірге жауап болған жоқ.

Соңғы кездері Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы қазақстандық журналистердің, ақпарат құралдары мен жекелеген қолданушылардың посттары мен аккаунттарын өшірген, бірақ олардың барлығы дерлік кейін қайта қалпына келген. Өшірілген посттардың көбінде Қазақстанда қабылданып жатқан жаңа Конституция жобасына сын айтылған деп атап өтеді басылым.

Meta компаниясы қазақстандықтардың парақшаларындағы контенттің өшірілуі туралы айтқандарына түсініктеме бермеген. Қазақстанда 2025 жылы қарашада осыған ұқсас жағдайлар болғанда Азаттық Мeta-ға хат жазған, ресми жауап болған жоқ.

Азаттықтың материалдары оның сайтында, Facebook, YouTube, TikTok, Threads және Х-тегі аккаунттарында, Telegram мен WhatsApp-тағы арналарында жарияланады.

Сообщение Instagram Азаттықтың ресми парақшасын бұғаттады появились сначала на Tizgin kz.

Сот СІМ өтініші негізінде Азаттықтың шағымын қарауды тоқтатты
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты сыртқы істер министрлігінің өтінішімен Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақ қызметінің аккредитацияға қатысты шағымын қарауды тоқтатты, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Адвокат Лилия Чаусованың сөзінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұған дейін “осыған ұқсас 7 тілшінің аккредитациясы бойынша” іс қарастырылғанын алға тартып, “бұл істер бір-біріне әсер етеді” деген. Олар алдыңғы іс бойынша шешім күшіне енгенге дейін істі қарауды тоқтатуды сұраған.

“Әрине, біз бұған келіскен жоқпыз. Қарсы болдық. Бұл істі қарауға ешқандай кедергі жоқ деп санаймыз. Бұл өзара қатысы жоқ екі бөлек іс. Онда жеті журналистің ісі. Оларға қатысты тағылған айып бөлек. Мұнда тоғыз журналист бар. Бізге әлі күнге дейін іс материалдарында не үшін аккредитация бермегені түсіндірілмеді. Шағымдарда негіздер әртүрлі. СІМ-нің де аккредитациядан бас тарту себептері әртүрлі. Алайда сот істі тоқтатуға негіз бар деп тапты”, – деді Лилия Чаусова 17 қыркүйек күні Азаттыққа.

Ол сот анықтамасына қатысты шағым түсіретінін айтты. Егер жоғары инстанция анықтаманы құптамаса, онда сот жалғасады. Ал құптаса, бұл соттың әлі бірнеше айға созылып кететін түрі бар. Себебі алдыңғы іс бойынша шешімді апелляцияға беруге бір екі ай уақыт кетеді.

Бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақ қызметі 9 тілшіні аккредиттеуден бас тартқан Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімін сотқа берген еді. Алғашқы сот тыңдауы 28 тамызда басталған.

Оның алдында, 20 тамызда Астана әкімшілік сотының судьясы Қайрат Смағұлов Азаттық радиосының жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімін заңды деп таныған. Сот шешімін түсіндірген ол тиісті аккредитациясы жоқ шетелдік БАҚ және шетелдік журналистерге ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салынатыны жазылған Қазақстанның “Масс-медиа туралы” заңының 30-бабының 4-тармағына сүйенгенін айтты. Ал талап-арыз беруші тараптың заңгері шешімді апелляцияға беретінін айтқан.

Қазақстан СІМ Азаттық радиосы қызметкерлері аккредитация мерзімін созу туралы берген өтініші қаралып жатқан кезде журналистік қызметпен айналысып, шетелдік БАҚ өкілдеріне тиісті аккредитациясы болмаса, ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынатыны жазылған заң нормасын бұзды деп мәлімдеген. Ал редакция заңгерлері Азаттық қызметкерлерінің аккредитация мерзімін ұзарту бойынша уақытылы берген өтінішін қарауды министрліктің өзі бірнеше айға созып, кейін сол кезеңде кәсіби қызметімен айналысқан журналистерді “қисынсыз уәжбен” аккредиттеуден бас тартқанын айтқан.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Стивен Капус Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімі Қазақстан Конституциясына қайшы деп мәлімдеді.

Сообщение Сот СІМ өтініші негізінде Азаттықтың шағымын қарауды тоқтатты появились сначала на Tizgin kz.