Архивы Антониу Гутерриш - Tizgin kz

Украинадағы соғыс жақын арада бітпейді – БҰҰ бас хатшысы
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жақын арада аяқталатынына сенбейтінін айтты. Оның сөзінше, халықаралық деңгейдегі дипломатиялық әрекеттерге қарамастан, қақтығысты қысқа мерзімде тоқтатудың нақты алғышарттары әзірге байқалмайды, деп хабарлайды Tizgin.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Гутерриш не дейді

БҰҰ бас хатшысы бұл туралы 16 қарашада Манилада өткен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) саммиті аясында мәлімдеді. Ол төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыстың аяқталуына қатысты оптимистік болжам жасау барған сайын қиындап бара жатқанын жеткізді.

«Төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыстан кейін оптимизмді сақтау қиын», – деді Антониу Гутерриш.

БҰҰ басшысы Ресей мен Украина арасындағы әскери қимылдарды дереу әрі ешқандай шартсыз тоқтатуға шақырды. Оның пікірінше, атысты тоқтату туралы келісім бейбіт келіссөздердің басталуына негіз болуы тиіс. Сонымен қатар, болашақ бейбіт келісім халықаралық құқық қағидаттарына және Украинаның аумақтық тұтастығына сәйкес келуі қажет. Гутерриш соңғы уақытта соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық байланыстар жанданғанымен, олардың нақты нәтижесі әзірге көңіл көншітпейтінін аңғартты.

Абу-Дабидегі келіссөздер қандай нәтиже берді

Өткен аптада Абу-Дабиде АҚШ-тың арағайындығымен Ресей мен Украина өкілдері арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар ауқымды тұтқын алмасу мәселесі бойынша қағидатты келісімге келген. Алайда соғысты тоқтатуға тікелей әсер ететін негізгі даулы мәселелер жөнінде ортақ шешім қабылданбады. Бұдан бөлек, өткен аптаның ортасында АҚШ өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Дегенмен бұл келіссөздер де нақты уағдаластықтарға алып келген жоқ.

Дипломатиялық кездесулерден кейін де майдандағы жағдай тұрақталған жоқ. Ресей мен Украина арасында ауқымды өзара соққылар жалғасып, адам шығыны тіркелгені хабарланды. Осы жағдайлар аясында БҰҰ Бас хатшысы соғысты тоқтатудың басты шарты ретінде атысты дереу тоқтатып, халықаралық құқыққа негізделген бейбіт келіссөздерге көшудің маңызын тағы бір мәрте атап өтті.

Сообщение Украинадағы соғыс жақын арада бітпейді – БҰҰ бас хатшысы появились сначала на Tizgin kz.